Көктеммен бірге келген қос мерекені атап өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 05:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Көктеммен бірге келген қос мерекені атап өтті

6 Марта 2018 (18:10) | 2442 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін -2018 жылғы 6 наурыз күні ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында 1 Наурыз – Алғыс айту күні және 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні  мерекелеріне орай салтанатты шара ұйымдастырылып, өткізілді.

 

 

Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының ӘНҰРАНЫМЕН басталды.

 

Инспекция басшысы Ринат Нұрманұлы Туменов салтанатты іс-шараны ашып, барлық қатысушыларды 1 Наурыз – Алғыс айту күні және 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелерімен құттықтады:

-Құрметті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері! 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің № 173 Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды.

 

Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 1 Наурыз – Алғыс айту күні, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Осы салтанатты жиналысқа қош келдіңіздер!

 

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.

 

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.

 

 

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, аналар-әжелерімізге, апа-қарындастарымыз – аруларымызға, барша әйелдер қауымына шынайы ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

 

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

 

Осыдан соң Инспекция басшысы Р.Туменов Ант қабылдау рәсіміне көшті. Ант қабылдаған жас маман Рахымжан Касымұлы Сулейменовты құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі. Мерекелік іс-шараны өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы Нағима Таспанбетова және Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі бас маманы Манас Ешимбетов жүргізді.

 

 

Инспекция басшысы міндеттерін үлгілі атқарғаны, қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, мемлекеттік қызмет өткеру саласында зор үлесін қосқан қызметкерлер: Ақжарқын Ұзақпайқызы Меңдігереева, Гүлшат Демепбергенқызы Муханова, Гүлнар Мұттахиқызы Бисекенова, Бибігүл Кенжеғалиқызы Бердісүгіроваға және қызметінде ерекше жауапкершілік танытып, міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін қызметкер Маусым Оразғалиқызы Абдиеваға  Алғыс хаттар табыс етілді.

 

Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, өткізіліп, облыстық, қала, аудандық аумақтық инспекция қызметкерлері: Қошмұрат Серікбаев, Ізтұрған Жамансарин, Рахымжан Сулейменов, Манас Ешимбетов, Асыл Әлібекова  өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік концерт жиналғандарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

 

Суреттерді түсірген: ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему