Маңғыстау облыстық сотында 5 жылдан кейін өз анасын өлтіргені дәлелденбеген Дмитрий Крутихин ақталып шықты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотында 5 жылдан кейін өз анасын өлтіргені дәлелденбеген Дмитрий Крутихин ақталып шықты

12 Марта 2018 (09:18) | 1668 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында 2013 жылы Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігімен (ҚР ҚК-тің 1997 жылғы редакциясымен) мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 10 жылға сотталған Дмитрий Крутихинге қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық үкім жарияланды.

 

 

2017 жылы Бас Прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот шығарған қаулыда 04.10.2013 жылғы айыптау үкімі мен 27.11.2013 жылғы Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысы кері қайтарылып, қылмыстық іс облыстық соттың апелляциялық сатысында қайта қарауға жолданған болатын.

 

Облыстық соттың апелляциялық сатысында істі қайта қарау барысында сотқа дейінгі тергеу органдары іс материалдарына процессуалдық әрекеттер бойынша дәлелдер мен айғақ материалдарды толық жинап тіркемегені, соның нәтижесінде сотта кінәлі деп танитын бірқатар дәлелдерге жол берілгені анықталды.

 

 

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен Д.Крутихин Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігіне сай қылмыстық әрекеттерді жасауда кінәсіз деп танылып, қылмысқа қатысы дәлелденбегендіктен, осы баппен ақталды. Ол сот залында қамаудан босатылды.

 

Қылмыстық процестік кодекстің 37-42 баптарына сай, Д.Крутихин қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін келтірген зиянды өтеуге құқығы бар.

 

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Сурет advokatura.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему