Маңғыстаулық  білім саласы қызметкерлері облыстық семинарда басқосты
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 15:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық білім саласы қызметкерлері облыстық семинарда басқосты

9 Января 2020 (10:16) | 1686 | Автор: Нурганым Имашева

«Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар орталығы» АКБ мәжіліс залында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен бастауыш ұйымдар төрағалары мен есепшілері арасында ауқымды семинар болып өтті.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға «Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар орталығы» АКБ баспасөз қызметі забарлады.

 

Жиынды «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері  кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова  және құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Наталья Станиславовна Храмова  жүргізді.

 

Семинар барысында педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби мәртебесін, олардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға қатысты Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, білім және ғылым саласындағы қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу және    бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының жылдық есеп беру нысандары туралы сөз қлзғалды.

 

Сонымен қатар, қатысушылар арасында еңбек жалақысына қосылатын пайыздар, сауықтыруға төленетін жәрдемақы туралы өзге де мәселелер талқыланып,  кәсіби түрде түсініктемелер берілді.

 

 

Кәсіподақ белсенділері «Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Мейржан Тумановқа көкейде жүрген сұрақтарын қойып,  тұщымды жауап алды.

 

Семинар соңында қатысушыларға әдістемелік құралдар, мүшелік билеттер және хаттама мен жұмыс берушінің актілерінің екі тілдегі үлгі нұсқалары  таратылды.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему