Көлік тонаған қылмыстық топ ұсталды
28 Апреля 2017 (18:14) | 1910 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда көлік тонаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті. Бұрын сотталған жұмыссыз үш азамат өткен ақпан-наурыз айларында 43 көліктің терезесін сындырып, салондағы дүниелерді жымқырған. Осылайша оңай олжаға кенелмек болған баукеспелер заңсыз іс-әрекетін бейнебақылау камералары мен көше шамы жоқ үйлер маңында жүзеге асырған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктілердің аз қамтылған отбасы мүшелері екені анықталды. Олар қылмысқа күнкөріс қамымен барғандығын түсіндірген. Қазір полицейлер бүлінген көлік иелеріне келген шығынды есептеп жатыр.
Азамат Ғаббасов, Ақтау қалалық ІІБ тергеушісі:
Көлік тонаған ұрыларға қатысты ҚР ҚК 188-ші бабының үш тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер заңсыз жасаған іс-әрекетін мойындап отыр. Тергеу аяқталған соң, сот үкімімен бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін .
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему