Маңғыстаулықтарға арналған Жаңа жылдық жарқын тілектер
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 19:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулықтарға арналған Жаңа жылдық жарқын тілектер

31 Декабря 2019 (10:47) | 2616 | Автор: Нурганым Имашева

Сыныптай сырғыған жүйрік уақыт зымырап өтіп, тағы бір жылды артқа қалдырғалы отырмыз. 2019 жыл бойы біздің басылым өз оқырманын түрлі саладағы жағымды жаңалықтарымен қуантуға тырысты.

 

 

Өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғын үй секторындағы өрт оқиғаларын болдырмау бағытындағы тиісті қызмет өкілдерімен атқарылған қыруар жұмыстардың легі туралы хабардар етумен қатар, маңғыстаулық спортшылардың, әсіресе самбошылар мен дзюдошылардың және оларды дүбірлі додаларға дайындап, баптаған бапкерлер қауымының ел  абыройын асқақтатқан ерен жеңістері туралы паш еттік.

 

Ақтау қаласының ең кіщкентай тұрғындарының халықаралық үлкен сайыстарда өнер көрсетудегі қол жеткізген жеңістері жайлы көпшілікке қуана жариялап, «Жастар жылындағы» аймақ жастарының бағындырған биіктері мен жеткен жетістіктері де назарымыздан тыс қалмады.

 

Маңғыстаулық кәсіпкерлер қауымының бизнестегі табыстары туралы біраз қуанышты жаңалықтардың да куәсі болдыңыздар. Сан саладағы жағымды жаңалықтардың жаршысы болуға тырысқан «Тумба» газеті мен «tumba. kz» сайтының бір жыл бойына көтерген мәселелерінің баршасы туралы қысқаша айтып жеткізудің өзі қиын.

 

Адам баласы Жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, Жаңа Жылға көп үміт артады. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. 

 

Өткен жылды қорытындылай келе,  Жаңа 2020 жылға зор сеніммен аяқ басып, барша маңғыстаулықтарға арналған ақжарма тілектерге орын берейік, құрметті оқырмандар!

 

Жаңа - 2020 жыл құтты болсын!!!

 

Видео Нұркен Тәжібай

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему