Мұнайдың құны соңғы 4 жылда болмаған ең төменгі көрсеткішке түсті
15 Октября 2014 (19:12) | 2279
|
Автор: Redactor
Әлемдік нарықта мұнай бағасы құлдырап жатыр деп хабарлайды КТК арнасы. Қара алтынды қалауынша сатып жүрген елдердің бірі Кувейт үкіметі тіпті баға жақын күндері 76 долларға дейін түседі деп болжам жасаған.
Қазірдің өзінде мұнайдың баррелі бар-жоғы 88 доллардан сатылып, соңғы 4 жылда болмаған ең төменгі көрсеткішке түсті. Бюджеті осы мұнай мен газға байланған елдер, әсіресе Қазақстан бұған қаншалықты дайын? Құн құлдырауының қарапайым халыққа зардабы қандай?
Мұнай нарығын тұрақсыздық жайлап барады. Құлдилау жаһандағы қара алтын саудасын билеп төстеп отырған негізгі ойыншы Сауд Арабиясының тосын әрекетінен басталды. Арабтар экспорттық бағаны күтпеген жерден түсіріп жіберген. Басты одақтасын Кувейте дереу қолдай кетті. Тіпті мұнайдың баррелі 76-77 доллар болу керек деп даурығып жатыр.
Бұл ахуал мұнай мен газдан түскен пайдаға бюджетін жауып отырған Қазақстанды алаңдатпай қоймайды. Бірақ Үкімет тосын өзгеріске әзірміз деп сендіріп отыр.
"Біз кез-келген сценарийге әзірміз. Егер мұнайдың баррелі 80 долларға түскен жағдайда не істейміз, қандай шығын болады бәрін есептеп қойдық. Дағдарыстың алдын-алатын арнайы бағдарламамамыз да бар", - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Тек Досаевтың бәрі жақсы болады дегеніне сарапшылар күмәнмен қарайды. Өйткені қазбалы байлықтарын сыртқа экпорттап отырған Қазақстан үшін мұнай бағасының түсуі тиімсіз.
"Мұнай арзандап 80 доллар болса Қазақстанға ауыр тиері анық. Салдары тіпті 2008 жылғы дағдарыстан жаман болады. Теңге құнсызданып, экономика әлсірейді. Ұлттық қорға түсетін кіріс азаяды", - дейді мұнай-газ нарығы бойынша сарапшы Сергей Смирнов.
Бағаның бұлай түсуі Қазақстанға ғана емес, бюджеті мұнай мен газға байланған Ресей, Иран, Венесуэла сияқты ондаған елге ауыр соққы болмақ. Сондықтан 27-ші қарашаға жоспарланған Опек-тің жиынында мұнай өндіруді қысқартып, оның баррелін 100 доллар көлемінде ұстап тұру мәселесі көтерілмекші. Құлдыраудан саясат іздеп жатқандар да бар. Әсіресе, ресейлік сарапшылар.
Олар Украинадағы жағдайға байланысты АҚШ пен Сауд- Арабиясы бірігіп, бағаны қасақана төмендетіп отыр деген пікірде. Ал Эр-Рияд бұл жерде ешқандай геосаясат жоқ дейді. Себебі Иран, Ирак, тіпті Ливия қара алтын өндіруді күшейтіпті. Сол себепті нарықта мұнай көбейіп, сұраныс азайған .
Сарапшылардың пікірінше, бағаның жиі құбылуы Қазақстан экономикасына салқынын тигізбей қоймайды. Өйткені, бюджеттік шығындар бұрынғы бағамен есептелген болатын. Алайда сөздері ылғи оптимизге толы шенеуніктер, қара алтын құны өспесе, жалақы мен зейнетақыны көтеруге қажетті ақшаны Ұлттық қордан алмақшы.
Читать полностью: http://news.nur.kz/335791.html
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz




