«Жоламан» медициналық орталығы МӘМС аясында ауыл тұрғындарына медициналық қызметтер көрсетуде
9 Ноября 2021 (17:25) | 2445 |
Автор: Редакция
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде денсаулықты нығайту, алдын алу, емдеу және оңалту бойынша қызметтер денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болуы тиіс екендігі атап өтілген.
«Жоламан» медициналық орталығының басшысы Изтурова Тажихан МӘМС аясында ауыл тұрғындарына қандай медициналық қызметтер көрсетілетінін айтты.
Ақшұқыр селосында «Байболат» шаруа қожалығына қарасты «Жоламан» медициналық орталығы жұмыс жасайды. Орталық заманауи жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жақында бейнекольпоскоп пен эксперт класс УДЗ апараты алынды. Жатыр мойны ауруын анықтайтын кабинет жұмыс жасауда.
Аппарат алып, жұмыс бастаған 2 ай арасында бірнеше онкологиялық ауру анықталды. Жатыр мойны эрозиясын емдеп жатыр. Мысалы: екі жас анадан жатыр мойны обыры алғашқы сатысында анықталды. Біреуі ота жасалып сауығып шықты, екіншісі диспансерлік есепке алынып, мерзімдік бақылауға алынды. Екі орта жастағы әйел адамнан тегін тексеруден өту кезінде үлкен миома анықталды. Біреуі Ақтау қаласынан перинаталды орталығынан, екінші науқас Астана қаласынан тегін ота жасалып сауығып шықты. Барлық тексерулер мен ота жасау міндетті медициналық сақтандыру қоры арқылы тегін жасалды.
«Қазіргі уақытта онкологиялық аурурлар жасарып, және көбейіп жатырғандығын естіп, көріп жатырған боларсыздар. Соның ішінде сүт безі, жатыр обырлары көбейуде. Біздің емханамызда тегін тексеріліп, аурудың алдын ала анықтауға мүмкіндік бар. Жіберіп алмаңыздар! Ол Үшін бізге тіркелсеңіздер жеткілікте. Міндетті медициналық сақтандыру қоры арқылы тегін емделе аласыздар», - деп хабарлады Тажихан Собалаковна.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему