Ақтау қаласында ″Ғаламдық″ таеквондодан қалалық ашық турнир өтті.
9 Декабря 2019 (15:08) | 3024 | Автор: Редакция
1-желтоқсан күні Ақтау қаласында "Ғаламдық" таеквондодан қалалық ашық турнир өтті.
Дүбірлі додаға 6 мен 14 жас аралағындағы 150-ге жуық спортшы қатысты. Тұңғыш Президент күні аясында өткен сайыста жас таеквондошылар "Хьенги" және "Массоги" аталымы бойынша сынға түсті. Бәсекенің ерекшелігі сол, онда Ақтау қаласындағы "Өрлеу", "Дракон" және "Тайфун" клубтарының өкілдері өзара мықтыны анықтады. Осылайша, облыстық жаңа құрама жасақталды. Жарыс соңында үздік үштікке дипломдар мен медальдар табысталды. Ал "үздік техника" көрсеткен бірнеше таеквондошыға арнайы кубоктар табысталды.
«Бүгінгі жарысымыз өте сәтті өтті. Мұнда алғаш рет алаңға шығып, жақсы нәтиже көрсеткендер бар. Облыс құрамасының қатарына жаңа есімдер қосылды. Бұйырса алдағы додаларда осы спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, Маңғыстаудың атын үздіктер қатарынан шығарады деп сенеміз. Соған сай күшейтілген жұмыс жүргіземіз. Біздің жастарды әрдайым қолдап, барынша жағдай жасап жүрген ата-аналарымызға үлкен алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, осы жарысты өткізуге қолдау білдірген "Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына" алғыс айтамын» - деді Маңғыстау облысы Ғаламдық таеквондо федерациясының директоры Сәттіғұл АБИТОВ.
Суретті ұсынған баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему