Маңғыстау көлік прокуратурасы өткен 6 айда 146 заң бұзушылықты анықтаған
21 Июля 2016 (12:48) | 3119 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау көлік прокуратурасы ағымдағы жылдың өткен 6 айы ішінде біраз ауқымды жұмыстарды атқарғаны белгілі болды. Қадағалау органымен жарты жылдың ішінде бірқатар заң бұзушылықтардың беті ашылып, біраз заңсыздықтарға тосқауыл қойылған.
Көліктегі заңдылықтың сақталуын қадағалау саласында Маңғыстау көлік прокуратурасы заңдылықты нығайтып, тәртіп орнату бойынша қыруар жұмыстарды атқарғаны туралы мәліметтерге осы салада қызмет ететін мамандармен бірінші жарты жылдықтың қорытындысы жайлы сұхбаттасу барысында қанықтық.
Қадағалау кезінде қоғам мен мемлекет мүддесін, азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қорғау бағытында және көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі біршама жұмыстардың жүзеге асырылғаны жайлы ақпаратпен бөліскен прокуратура мамандары мынадай мәліметтерді баяндады..
Көлік прокуратурасының қызметкерлері осы жарты жылдың ішінде 146 заң бұзушылықты анықтаған. Аталмыш мерзім ішінде прокурорлық қадағалаудың 42 актісі енгізіліп, 778 тұлғаның конституциялық құқықтары (еңбек жағдайларын ұйымдастыру) қорғалған. Түрлі жауапкершілікке 109 адам тартылыпты.
Кедендік салада жүргізілген тексерулер нәтижесінде 250 млн. теңге көлемінде мемлекетке келтірілген зиян өндірілген.
Мысалы, прокуратураның ұсынысымен «Fortress Holding Limited» ЖШС – нен тауардың дұрыс емес кедендік кодын беру нәтижесінде төленбей қалған 247 млн. теңге көлеміндегі кедендік төлемдер өндіріліп алынған.
Алынған шаралардың нәтижесінде «Фреш» ЖШС – нің 51 қызметкерге төленбеген 27 млн. теңге көлеміндегі берешегі өндірілген.
Көлік прокуратурасының қызметкерлері есірткі бизнесіне тосқауыл қою бойынша да біраз алдын алу шаралары қолға алынып жатқаны жайлы мәлімдеді. Атап айтар болсақ, аталған мерзім ішінде қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 4 адамнан құралған топқа қатысты қылмыстық іс қаралған. Бұл топ жолаушы поезы арқылы салмағы 85 келіден асатын марихуананы өткізіп, Ақтау қаласында сатпақ болған. Сот үкімі бойынша, қылмыстық құқықбұзушылыққа барған тұлғалар 10-12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.
Шетелдік азаматтарды елден шығару туралы сот шешімдерін орындамау және оларды полиция органдарында заңсыз тіркеу фактілері анықталды.
Прокурорлық тексеру кезінде Қазақстанда заңсыз жүрген 32 шетелдік азамат анықталды. Прокурорлық қадағалау кезінде аталған заңсыздықтар жойылып, оларға жол берген полиция қызметкерлері жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура тарапынан көліктің барлық түрлеріндегі қозғалыс қауіпсіздігіне ерекше мән берілетіні аян. Аталған мерзім ішінде прокуратураның ұйғарымы нәтижесінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 12 локомотивті пайдалануға тыйым салынғаны белгілі болды.
[quote] Маңғыстау көлік прокуратурасы алдағы уақытта да заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытында өз қызметін жалғастыра бермек.[/quote]
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему