Аудандық соттарда байланыс және ақпарат мерекесіне орай шара өтті
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 13:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аудандық соттарда байланыс және ақпарат мерекесіне орай шара өтті

29 Июня 2017 (18:34) | 1854 | Автор: Мира Ботабекова

 

Мерекеге орай аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары салтанатты қабылдау ұйымдастырып, еңбегімен ерекшеленген БАҚ басшылары мен журналистерді, операторлар мен осы саладағы өзге де қызметкерлерді марапаттады.

 

 

Түпқараған аудандық соты «Ақкетік арайы» газетінің ұжымын құттықтап, тілшілерге арнап мерекелік дастархан жайды. Аталған соттың төрағасы Н.Тұржанов тілшілік қызмет риясыздық, шынайылық, кәсибілік, жауапкершілікпен қатар қоғамға тиімді әрі сауатты ақпарат жеткізуді талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар, сот қызметкерлері ұлы Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқып, заң мен әділдік, сөз бен ақыл туралы ой-тұжырымдарын ортаға салды. Сот төрағасы журналистердің қоғамдағы рөлі мен сот жүйесіндегі орны туралы пікірін білдірді. Рухани ағарту бағытында өткізілген кездесу өте әсерлі болып, жиын соңы марапаттауларға ұласты.

 

 

Ал, Бейнеу аудандық сотының ұжымы «Рауан» қоғамдық-саяси газетінің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап барды. Сот төрағасы И.Досетов газет ұжымына шығармашылық табыс, отбасыларына бақыт тілеп, алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

 

Кездесу барысында соттағы ашықтық пен жариялылық, жаңа құқықтық реформалар, сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар әңгімеге арқау болды.

 

 

Сонымен қатар, журналистер де сот жүйесі туралы өз ой-пікірлерін білдірді.

 

 

Қарақия аудандық сотының төрағасы Б.Шайдуллин мен кеңсе меңгерушісі Л.Кенжеева жергілікті «Қарақия» газетінің ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, аталған газеттің бас редакторына сот қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі ақпарат таратып, белсенді жұмыс атқаруға септігін тигізгені үшін алғыс хат тапсырса, журналистерге естелік сый-сияпат жасалды. Өзара ықтымақтастықты нығайтуға үлес қосқаны үшін газет ұжымына зор алғыс білдірілді.

 

Ал, Ақтау қаласының №2 сотының ұжымы сот билігі институтының оң имиджін қалыптастырып, өзгерістер мен жаңалықтар туралы қалың көпшілікті дер кезінде хабардар етіп, ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен салтанатты түрде құттықтады. Соның ішінде жергілікті «Қазақстан Ақтау» телеарнасы мен «КТК», «Хабар», «Қазақстан» телеарналарының телеоператорлары да марапаттардан қалыс қалмады. Сот жүйесі туралы белсенді ақпарат таратып, марапаттауға ие болған тілшілер қатарында «7292info.kz», «Tumba.kz», «Lada.kz» ақпараттық порталдарының да өкілдері болды. Осы соттың БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьясы Е.Бегенов кездесу барысында журналистерге сот жүйесіндегі қызықты жайттар, судьялардың қоғамдық жұмыстары, жұмыстан кейінгі спорттық шараларға қатысатындығы туралы айтып өтті.

 

Осылайша сот жүйесіндегі маңызды оқиғалар мен ақпараттарды жедел әрі объективті түрде жариялаған бірнеше журналистерге құрметк өрсетілді.

Осындай шаралар «Жаңаөзен жаршысы», «Жаңаөзен», «Жаңа өмір» газеттерінде де өткізілді. Сот төрағалары кездесу барысында Ұлт Жоспары шеңберіндегі реформаларды кеңінен насихаттауға, республика судьяларының VII съезінің өткізілуі мен онда Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалу барысын ақпараттық сүйемелдеуге қосқан БАҚ өкілдерінің еңбектерін айрықша атап өтті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему