Құтқарушылар күніне марапат Түпқараған ауданында салтанатты жиын өтті
28 Октября 2019 (14:42) | 2844 | Автор: Нурганым Имашева
Жыл сайын 19-қазанда аталып өтілетін Құтқарушылар күніне байланысты ағымдағы жылдың 17 қазаны күні Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевтың төрағалығымен, Форт-Шевченко қаласындағы аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Маңғыстау облысының ТЖД-нің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің Форт-Шевченко қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің, Форт-Шевченко жедел-құтқару бөлімінің және Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жеке құрамының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді.
Бұл салтанатты жиынға төтенше жағдайлар қызметінің ардагерлері, Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев, аудандық маслихат хатшысы А.Досанова және аудандық мекеме басшылары қатысты. Салтанатты жиында Түпқараған ауданы әкімінің орынбасарлары Т.Алтынғалиев, Ж. Қайнарбаев, аудандық маслихат хатшысы А. Досанова, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Н. Альджанов, ардагерлердің атынан М. Құрманов жеке құрам мен ардагерлерді құттықтады. Аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиев құтқарушылар күніне байланысты азаматтық қорғау саласында белсенді үлес қосқан қызметкерлер мен мекеме басшыларын аудан әкімнің алғысымен марапаттаған болатын.
Аудандық ТЖБ-нің бастығы Н.Альджанов Департамент бастығының, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығының алғыс хаттарымен құтқарушы-қызметкерлерді, сонымен қатар аудандық ТЖБ-нің алғысымен ардагерлерді марапаттады. Сонымен қатар, құтқарушылар күніне байланысты облыстық департаментпен өткізілген «Сурет байқауы» конкурсына белсенді қатысқаны үшін №4 ӨСБ-нің радиотелефонисті А.Мұстахиқызының қызы Әскер Сезім Аманбекқызы алғыс хат және сыйлықпен марапатталды.
«Жалпы жиында Түпқараған ауданы әкімінің алғыс хатымен 3 адам, 3 мекеме басшысы, Департамент бастығының алғыс хатымен 2 адам, «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің бастығымен 2 адам алғыс хатпен, аудандық ТЖБ алғыс хатымен 11 ардагер марапатталды.
«Жиыннан соң ардагерлер №4 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына келіп, жеке құраммен профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізіп, кезекшілік қызметтегі қарауылдың жеке құрамын құттықтады. Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Нұрқожа Қожабергенұлы Альджанов өз лебізін білдіріп, тілегін жеткізді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему