Әзірбайжан Республикасының 79 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
4 Января 2018 (22:16) | 1815 |
Автор: Нурганым Имашева
Қарақия аудандық сотында Әзірбайжан Республикасының 79 азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, құқықбұзушылар Әзірбайжан Республикасының азаматтары бола тұра, Қазақстан Республикасына «жеке сапар» мақсатында келіп, ішкі істер бөліміне уақытша тіркеліп,көші-қон карточкасына қызметке орналасу туралы рұқсат белгі соқтырмай, көші-қон заңнамасын бұзып, Қазақстан Республикасы аумағындағы Құрық селосындағы«Энергомост LTD» ЖШС-де заңсыз жұмыс жасаған.
Сот қаулысымен Әзірбайжан Республикасының 79 азаматы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының әр түрлі бөлігімен(шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)кінәлі деп танылып, 69 азаматқа 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әрқайсысына 56 725 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.
10 азаматқа 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылып, олар Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Бұл туралыҚарақия аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер nazaccent.kz cайтынан алынды
Зарегистрируйтесь или войдите в систему