Полиция Департаментінің басшысы қарамағындағыларға тұрғындардың арыздарын мұқият тексеруді тапсырды
8 Мая 2019 (14:17) | 2175 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін, 8 мамыр күні, Маңғыстау облысы ПД-нің бастығы полиция полковнигі Қ. Д. Таймерденов ПД ғимаратында орналасқан фронт-кеңседе азаматтарды жеке қабылдады.
Бұл туралы біздің басылымға Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі қабылдауға 5 азамат келді. Қабылдау кезінде азаматтар тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар, нақты қылмыстық істер, кадр жұмысы бойынша сұрақтар қойылды. Қанат Даниярұлы азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, әрбір өтініш бойынша полиция қызметінің басшыларына арыздарды мұқият тексеру және қабылданған шаралар бойынша жауап жіберу туралы нақты тапсырмалар берді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысының Полиция департаментінде ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды қабылдау үшін фронт-офис жұмыс істейді. Бұл фронт-офис тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Фронт-офис заманауи талаптарға сай толық оргтехникамен, жиһазбен жабдықталған. Осында азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасалған және жедел басқару орталығымен біріктірілген бейнебақылау жүйесі орнатылған.
Суреттерді түсірген Полиция Департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему