Ақтауда «Парасаттылық және заңның үстемділігі – табысты ұлттың кепілі» пікірсайысы өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 12:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Парасаттылық және заңның үстемділігі – табысты ұлттың кепілі» пікірсайысы өтті

16 Мая 2019 (14:48) | 2571 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер мен студенттердің арасында «Парасаттылық және заңның үстемділігі – табысты ұлттың кепілі» тақырыбы бойынша облыстық деңгейде пікірсайыс болып өтті.

 

 

Пікірсайыстың негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметті еліміздің дамуының іске асыруға бағытталған ең маңызды қызметі ретінде тану және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады. Пікірсайыс екі кезеңге жоспарланған: аймақтық және республикалық.

 

Шараның ашылу салтанатында алғаш сөз кезегін алған департамент басшысы, пікірсайыстың комиссиясының төрайымы Нұргүл Жанназарова қатысушыларға: "Мұндай пікірсайыстарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды сапалы шеберлеуге мүмкіндік береді" дей отырып, барлықтарына сәттілік тіледі.

 

 

Аталған іс-шараның аймақтық деңгейінде Маңғыстау облысының Казынашылық департаментінен, Бейнеу ауданы, Мұнайлы ауданы, Қарақия ауданы және Ақтау қаласы әкімі аппараттарынан, Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінен, Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасынан 20 –дан аса мемлекеттік қызметшілер қатысып, өз бақтарын сынады.

 

Пікірсайыс раундтарының тақырыптары бойынша яғни, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада көрсетілген өзекті мәселелерді есепке алып, негізгі бағыттарын айқындады.

 

 

Өздерінің өткір пікірлері мен ұшқыр ойларын ортаға салған сайысқа қатысушылар ұтымды ұсыныстарын жан-жақты талқылады. Жеңімпаздарды анықтаған байқау комиссиясының шешімімен сайыс нәтижесінде: І орынды Қарақия ауданынан Дастан Сансызбаев пен Білім бақылау департаментінің бас маманы Балуанияз Сатыбалды иеленді. ІІ орын иегері болып Абзал Қарақойшиев пен Дүйсенбаев Айдынғали атанса, ІІІ орынға Ақтау қаласы әкімі аппаратынан Айгерім Шынжырова мен Алия Мырзагалиева ие болды.

 

Ал «Үздік талпыныс» номинациясы бойынша Маңғыстау облысы Білім басқармасынан Асхат Тулеуов пен облыстық Индустрия-инновация басқармасынан Гүлмира Ертлиева марапатталды. Сонымен бірге «Үздік спикер» Дастан Сансызбаев атанса, «Үздік төреші» атағына Ромат Сағындықұлы ие болды.

 

 

Спикерлердің ішінен жоғары бал жинап, үздік атанған Дастан Сансызбаев пен Абзал Қарақойшиев республикалық деңгейде өтетін дебатқа жолдама алды.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему