Каспий кәсіпкерлік орталығы ашылды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 00:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Каспий кәсіпкерлік орталығы ашылды

16 Марта 2019 (20:08) | 1841 | Автор: Нурганым Имашева

15 наурыз күні «Yessenov University»-де Амал мерекесі қарсаңында Каспий Кәсіпкерлік орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.

 

 

Орталықтың ашылу салтанатына Иран, Әзербайжан, Түркменстан, Түркия елдерінің консулдары, Эстония, Корея елдерінен келген қонақтар мен Маңғыстау облысы кәсіпкерлері қатысты.

 

Орталықты алғашқы сөзімен университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов ашып берді.

 

Шараға қатысушы қонақтарға орталықтың жұмысы таныстырылды.

 

 

Бұл орталық тек университет студенттерінің ғана емес, сонымен қатар Каспий өңірі жастарының кәсіпкерлік бағыттағы жаңашыл идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.

 

-Мақсаты - кәсіпкерлік білім беру бағытында Каспий өңірі жастарының, жаңа бастаушы кәсіпкерлердің және оқытушылар құрамы арасында инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, келешекте стартап идеяларды табысты бизнеске айналдыру. Бұл орталықта университетке оқуға келген студент өз мамандығы бойынша білім алып қоймай, өз бизнесін дамытуына мүмкіндік алады,- деп хабарлайды «Yessenov University» баспасөз қызметі.

 

Орталықта идеядан бастап қаржыландыруға дейінгі кезеңдерде қолдау көрсетіледі. Қазіргі таңда орталықта 7 стартап жоба жүзеге асырылуда.

 

 

Суреттерді түсірген «Yessenov University» баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему