Ақтауда Әбіш Кекілбайұлы атындағы  Мәдени орталық ашылды
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 18:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Әбіш Кекілбайұлы атындағы Мәдени орталық ашылды

11 Октября 2019 (11:53) | 2852 | Автор: Нурганым Имашева

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай Ақтауда заңғар жазушыға арналған мәдени орталық бой көтерді. Нысанның ашылу салтанатына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызы, елімізге белгілі ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері және бірнеше елден арнайы келген қонақтар қатысты.

 

 

Мәдени орталықтың дәл алдына терең ой, тегеурінді талант иесінің рухына құрмет көрсетіліп, абыз тұлға ескерткіші тұрғызылған. Шымылдығы түрілген еңселі ескерткіш - бүкіл саналы ғұмырын, еселі еңбегін туған халқына бағыштаған ардақты перзентіне деген иісі қазақтың шынайы көңілі. Мемлекет басшысы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, маңғыстаулықтарды айтулы шарамен құттықтады.

 

-Бүгін міне, заңғар жазушы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев рухына тағзым етуге жиналдық. Бұл тек Маңғыстау жері ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға. Жаңа ғимаратқа қоныстанған тарихи-өлкетану музейіне Әбіш Кекілбаев есімі берілді. Ұлы ойшыл Әбіш Кекілбаев қандай құрметке де лайықты.

 

Ескерткіш орнатуға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз,бұл - Әбіш ағамыздың 80 жылдық мерейтойына лайықты тарту болды. Біз бүгін рухын ұлықтап отырған Әбіш Кекілбаев адамзаттық болмыстың жоғары деңгейіне көтерілген біртуар тұлға, қазақ халқының ұлы перзенті.

 

Халықтың мақтанышына айналған азаматтардың есімін жадымыздан шығармау – баршамыздың парызымыз. Ол - Қазақстанның еңбек ері атағына ие болған тұңғыш қаламгер. Әдебиетте ұлттық сананы сақтау үшін мол еңбек еткен. Жазушының еңбектері әлем әдебиетінің алтын қорына тиесілі.

 

Әбіш ағамен парламентте әріптес ретінде етене араластым. Оның «Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік» деген тұжырымы баршаға ой салады», - деген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды Әбіш Кекілбаевтың қоғамдық-саяси көзқарастарын танып-білуге шақырды.

 

 

Биіктігі тұғырымен қосқанда 6 метрді құрайтын еңселі ескерткіш қоладан құйылды. Ал, тұғыры гранитпен қапталған.

 

Президент бастаған ресми делегация орталықтағы Әбіш Кекілбайұлы есімі берілген музеймен танысып, мұражайға Ұлы Абайдың картинасын сыйға тартты.

 

Ауданы 8742 шаршы метрді құрайтын облыстық тарихи-өлкетану музейі жазушының өмірі мен шығармашылығына және мемлекеттік қызмет жолына арналған экспозициялық залдардан тұрады.

 

Видеоны түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему