Қуаныш сыйлаған кездесу
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 01:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қуаныш сыйлаған кездесу

25 Марта 2019 (14:33) | 1889 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ГМ-172/10 мекемесі «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Аталмыш шара барысында тергеу изоляторына мекемедегі шаруашылық қызметтегі сотталғандардың ата-аналары мен туған-туыстары келді. Оларға ГМ-172/10 мекемесінде жазаларын өтеп жатқандардың тұрмыс-тірлігі, еңбек жағдайлары мен күнделікті өмірлерінің қандай жағдайда өтіп жатқандарын өз көздерімен көріп-білу мүмкіндігі ұсынылды. Олар мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тергеу изоляторын аралап, ондағы ұстау жағдайымен танысты. Сотталғандардың кейбір туыстары мекемеде алғаш рет болғанын және ұстау жағдайына қатысты өздерінің таң қалғанын да жасырмады.

 

 

Ұйымдастырылған шараның мақсаты мен маңызы жөнінде және Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз тойын атап өтудегі тәрбиелік шаралардың барысы туралы әңгімелеген Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Нұржан Жайлыбаев:

 

-Жыл сайын «Наурыз» мерекесі қарсаңында тергеу изоляторындағы шаруашылық қызметті атқаруға қалдырылған сотталғандар арасында мерекелік және спорттық іс-шаралар, «Ашық есік» күні ұйымдастырылады. Осы мақсатта биыл мекемедегі шаруашылық қызметтегі сотталғандар арасында жаппай-мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекенің соңында «Ашық есік» күні өткізіліп отыр.

 

 

Аталған іс-шараны өткізудің басты мақсаты - сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланысын ұстау, сотталғандардың арасында моральдық-психологиялық жағдайды қолдау, сондай-ақ жазасын өтеушілердің туыстарын мекемедегі коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, сотталғандарды ұстау жағдайымен таныстыру болып табылды,- деп мәлімдеді.

 

Режимдік нысандағы жазасын өтеушілерге келген туыстарына тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырылды. Оның барысында келушілерге акт залынан бастап, ас үй, спорт залы, кітапхана, шаруашылық жасағында қалдырылғандардың жататын бөлмелері сияқты бірнеше нысандарды аралап көру мүмкіндігі туды. Жазасын өтеп жатқан балаларымен қауышқан ата-аналары мен олардың туыстарының қуаныштан жүздері жанып, арқа-жарқа болып әңгімелесіп, хал-жағдай сұрасып, бірге отыруына жағдай жасаған ГМ-172/10 мекемесінің басшылығы мен қызметкерлері сотталғандар мен кездесуге келген туыстарына арнап үлкен дастархан жайып, Наурызға арналған ақ тілектерін арнап, басқосудың жылы, жарқын атмосферада өтуіне бар жағдайды жасады.

 

 

Осыған риза болған ата-аналар қауымы мекеме қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.

 

-Осы кездесуді ұйымдастырған мекеменің басшылығына алғысымды білдіремін. Жыл сайын бізге Наурызда балаларымызбен кездесуді ұйымдастырып жатады. Былтыр да осындай басқосу болған. Биыл да міне балаларымызбен қауыштырып жатыр. Наурызға арналған дастархандарын да жайып қойыпты.

 

Балаларымыздың мұндағы жағдайларын көріп жатырмыз. Тезірек ортамызға оралсын деп тілейміз. Жасаған қателіктерін енді қайталамаса екен деген тілегіміз бар,-деді Алпысбаева Зукура есімді ана.

 

Дастархан басында басқосу сәтінде бірнеше ата-ана өз тілектерін білдіріп, мекеме басшылығына алғыстарын жаудырды. Балаларының кітап оқып, спортпен шұғылданып, еңбекпен тәрбиеленіп жатқанына шүкіршілік білдірген олар, Наурызға арналған ақ тілектерін айтып, жастардың түзелу жолына түсіп, қатарға қосылуына, өздерінің тарапынан жіберілген тәрбиедегі олқылықтарын түзетуге тырысып жатқан ГМ-172/10 мекемесінің қызметкерлеріне табыс тілеп, ризашылықтарын білдіріп, еліміздің аман болуына тілек қосты. Түзету мекемесінің теолог маманы сөз алып, психолог Ләззат Жолдыбаева да ата-аналарға арнап, өз лебіздерін білдірді, олар сотталғандармен жүргізіліп жатқан тәрбиелік мәні бар іс-шараларға тоқталып, жазасын өтеушілер үшін жақындарының қолдауының маңызы зор екенін атап өтті. Мерекелік және түрлі бағыттағы спорттық іс-шараларға белсене қатысқан жазасын өтеушілер мекеме тарапынан тиісті түрде мадақталып, тәртібінің түзелуіне күш салғандар марапатталатыны жайлы ата-аналары мен туған-туыстарына айтылды.

 

 

ГМ-172/10 мекемесі арнайы контингенттер арасында тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы әділет майоры Г.Вебер:

 

-Мекеменің бекітілген іс-шаралар жоспарына сай, шаруашылық жасағында қалдырылған және оқшаулау учаскесіндегі сотталғандар арасында мемлекеттік және ұлттық мейрамдарға орай мәдени-бұқаралық және спорттық шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Бұл шараларды өткізудегі біздің мақсатымыз – жазасын өтеушілердің қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін олардың моралды-этикалық ұстанымдарының дұрыс қалыптасуына ықпал ету. Сотталғандардың түзету мекемесінде болған кезде физикалық денсаулығының қалыпты болуына жағдай жасау.

 

Бұл шараларға мекемедегі барлық сотталғандар белсенділікпен атсалысып, құлшына қатысады. Осының нәтижесінде олардың тәрбиесі түзеліп, мінез-құлықтары оң жағына өзгеруде. Сондықтан олардың бүгінгідей өз ата-аналары және жақын жандарымен қауышу шараларын жиі өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз,- деп мәлімдеді.

 

Жазасын өтеуші Жақсылықов Сарсенғали есімді азамат:

 

-Барлық отандастарымды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін.

 

Бүгінгі ата-анамызбен, туыстарымызбен қауышуға мүмкіндік жасаған мекеменің басшылығына алғысымды білдіремін. Қатемізді түсініп, дұрыс жолға түсуді ойлаймыз, туыстарымызбен кездесіп, хал-жағдайларын біліп, олар біздің жайымызды өз көздерімен көріп, қуанып жатырмыз,- деген пікірімен бөлісті.

 

Жалпы, бұл күні тергеу изоляторында жазасын өтеуге қалдырылған сотталғандар үшін қуанышты күн болды, себебі оларға туысқандары мен жақын адамдары келді.

 

ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Нұржан Жайлыбаев шаруашылық жасағында қалдырылғандардың саны бүгінде – 14, ал бүгінгі кездесуге олардың 25 туыстары мен ата-аналары келгенін мәлімдеді.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему