Облыстық Ішкі істер департаментінің командасы жеңімпаз атанды
27 Декабря 2016 (14:49) | 1708 |
Автор: Мира Ботабекова
Желтоқсанның 24-25 күндері «Динамо» спорт кешенінде Маңғыстау облысындағы құқық қорғау органдарының ерлер командасы арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан чемпионат өтті. Жарысқа 8 команда қатысты.
Шараның басты мақсаты:
- Салауатты өмір салтын насихаттау, құқық қорғау органдары мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерін дене шынықтыру мен спорттық шараларға кеңінен тарту;
- Спорттың ойын түрлерін әрі қарай дамыту мен тарату;
- Қатысушылардың спорттық шеберлігін мен біліктілігін арттыру болып табылады.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің имиджін көтеруге бағытталған аталған спорттық шара жеке құрамның мемлекеттік-құқықтық көзқарасын, отансүйгіштік сананы жоғары қалыптастыруда, Антқа адалдыққа және қызметтік міндетті орындауға ықпал етеді
Жарысқа Маңғыстау облысы ішкі істер органдарынан – ІІД, Облыстық прокуратура, ҰҚКД, Мемлекеттік кіріс департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ Ұлттық Гвардия командалары қатысты.
Бұл спорттық жарыста 1 орынды Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті иеленсе, екінші орынды Маңғыстау облысы прокуратурасының құрама командасы алды, ал Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаменті командасы үшін орынды қанағат тұтты.
Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломадар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Спорттықжарыста ерекшеленіп,жоғары ойын көрсеткіштерін көрсеткен қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды»,-деп хабарлайдыІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері А.Нәубет.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему