Ақтауда өрт сөндіру бөлімдерінің диспетчерлік құрамына арналған семинар-кеңес өтті
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 21:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда өрт сөндіру бөлімдерінің диспетчерлік құрамына арналған семинар-кеңес өтті

18 Апреля 2019 (14:47) | 1475 | Автор: Нурганым Имашева

Қызметтің мәжіліс залында Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары ("ӨС және АҚЖҚ") ММ ведомстволық бағынышты өрт сөндіру бөлімдерінің диспетчерлік құрамы үшін семинар-кеңес өткізілді.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады. Қызмет бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Хаям Амирбеков семинарға қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Семинарды аша отырып, Хаям Амирбеков өрт сөндіру жұмыстары мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қызметтердің өзара іс-қимылы үшін күн тәртібіне енгізілген тақырыптардың қажеттілігін және ақыр соңында азаматтық қорғау органдарының оң беделін қалыптастыру үшін аталған іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

 

-Шара барысында диспетчерлік құрам үшін маңызды бірқатар мәселелер талқыланды. ТЖ орнынан жедел ақпарат беру бойынша, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл, Жарғының талаптарына сәйкес атқарушылық тәртіпті сақтау және жұмысты ұйымдастыру туралы жұмыс әдістері жайлы айтылды.

 

 

Іскерлік ойын түрінде диспетчерлік құраммен сабақ өткізілді. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Оқыту аясында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына бару ұйымдастырылды.

 

Жалпы семинар-кеңес нәтижелі өтті, диспетчерлер тәжірибе алмасуға, оларды қызықтыратын күрделі мәселелерді талқылауға және тәжірибелік сабақтарға қатысуға мүмкіндік алды,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему