Құтқарушылар судағы тәртіп ережелерін еске салды
Курс валют в Актау
на 01/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
1 Мая, 07:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құтқарушылар судағы тәртіп ережелерін еске салды

23 Апреля 2021 (11:29) | 2225 | Автор: Редакция

Ақтау қаласының Төтенше  жағдайлар басқармасы, күннің жылы шуағы мен жағымды салқын судан жақсы әсер алуға болатын шомылу маусымы жақындағанын хабарлайды. Ауа температура 20оС –тан асқан алғашқы  күннен бастап-ақ, адамдар су айдындарына демалуға  асығады.Алайда, су айдынындағы демалыс тек қана жақсы және пайдалы емес, сонымен қатар, қауіпсіз болуы үшін қазіргі күннен бастап, өзімізге көмек беретін ережелерді еске түсіргеніміз жөн.

 

 

Су айдынындағы демалыс орындарында болған кезде РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ:

 

  1. мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге;
  2. қайықтардан, катерлерден, өткелдерден  сондай-ақ, осы  мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
  3. тексерілмеген, жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
  4. жүзу шегін білдіретін  белгілерден асуға;
  5. жүзуге арналмаған заттармен жүзуге:
  6. су айдындарын ластауға және бітеуге;
  7. жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
  8. жалған дабыл беріп айғайлауға;
  9. техникалық және алдын-алу белгілерінің үстіне шығуға;
  10. балалардың ересектердің қарауынсыз суға кіруге.

 

Ересектер өздері үшін ғана жауапты болмай, балалар үшін де жауапты екендерін ұмытпаған жөн және міндетті түрде олардың қауіпсіздік ережелерін сақтауларын қадағалау қажет.

 

Жүзу құралдарында  балық аулайтын балықшылардың да қауіпсіздік ережесі туралы ескерткен жөн.Қайықтардың техникалық жағдайы дұрыс, құтқару құралдарымен жабдықталған болуы тиіс.

 

Жүзу құралында құтқару кеудешесінсіз шығуға тиым салынады.Ауа-райы жаман болған жағдайда шығуға және кәмелет жасқа толмаған балаларға жүзу құралдарын басқаруға рұқсат етуге болмайды.

 

Осы қарапайым ережелерді есте сақтаңыз және оларды ешқашан бұзбаңыз!

 

 

 

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему