Абайлаңыз улы газ: өрт сөндірушілердің  тұрғын үй секторындағы кезекті рейді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Абайлаңыз улы газ: өрт сөндірушілердің тұрғын үй секторындағы кезекті рейді

21 Февраля 2020 (11:55) | 2748 | Автор: Нурганым Имашева

Газ ысынан уланудың жиілеп кетуіне байланысты Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері Мұнайлы ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй секторында кезекті өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде рейд жүргізді.

 

 

Қызмет қызметкерлерімен профилактикалық рейд тұрақты жүргізіледі, бірақ газ ысынан улану оқиғалары азайған емес. 2020 жыл басынан бері облыста газ ысынан уланудың 8 оқиғасы тіркеліп, онда 2 адам зардап шекті, 6 адам қаза тапты. Кезекті рейд Мұнайлы ауданы, Қызыл төбе ауылында жеке меншік секторының 5000-нан астам адамды қамтитын 1084 үйді аралады.

 

Өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын жүргізу кезінде өрт сөндірушілер үй иелеріне улы газдың қаншалықты қауіпті екенін, статистиканы, сондай-ақ газ ысынан уланудың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын атап өтті. Бұл ақпарат штаб автокөлігінің дауыс күшейткіші арқылы таратылды.

 

Улы газдың иісі жоқ және газ ысынан улану қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Улы газды, не көміртегі монооксиді, не көміртегі тотығы (CO), кейбір кездері оны «үнсіз қанішер» деп те атайды.

 

Егер түтін болмаса, улы газбен улану мүлдем байқалмауы мүмкін, әсіресе ұйқыда жатқан адамдар үшін қауіпті. СО концентрациясы 0,32% - ға дейін жоғарылаған кезде есінен танып және сал ауруы пайда болады (30 минуттан кейін ажал келеді). 1,2% жоғары концентрация кезінде екі-үш демнен кейін есінен танып, адам кем дегенде үш минуттан кейін жан тапсырады.

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының мәлімдеуінше, «Улы газдың пайда болуының негізгі себебі – жану аймағында оттегінің жетіспеушілігінен. Сонда мүлдем зиянсыз көмірқышқыл газының – отынның толық жануы өнімінің орнына – сол улы газ пайда болады.

 

Тыныс алу кезінде ағзаға түсіп, ол өкпеден қан жүйесіне өтеді, онда гемоглобинмен қосылады. Нәтижесінде қан тамырларына оттегіні тасымалдау мен жеткізу қабілетін жоғалтады және ағза оның жетіспеушілігін тез сезе бастайды.

 

Бірінші кезекте ми зардап шегеді, бірақ жалпы денсаулық жағдайына байланысты басқа да ағзалар зақымдануы мүмкін. Тұрмыстағы улы газбен уланудың негізгі себептері: жылыту пештерін дұрыс пайдаланбау, түтіндіктердің ақаулығы, автокөлік қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған жабық үй-жайда ұзақ уақыт болу. Өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмеу үшін пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет».

 

 

Уланудың алғашқы белгілері: бас ауруы, бас зеңуі, құлақтағы шу, жүрек айнуы, бас айналуы және жүректің қатты соғуы. Газ ысынан уланған кезде алғашқы көмек: ең алдымен зардап шегушіні таза ауаға шығару қажет, жәбірленушіні шалқасынан жатқызып, жылдам киімдерді шешіп алу керек; басы мен кеудеге суық компресс қойылады; егер зардап шегушінің есі болса, оған жылы шай ішкізу ұсынылады.

 

Егер зардап шегушінің есі жоқ болса, оны «қауіпсіз жағдай» деп атап – арқасын жоғары қаратып оң жақ бүйірімен, сол қол мен аяқты бүгіп жатқызады.

 

Бұл ретте тыныс алу жолдары босатылады және тілдің көмейге кетуін болдырмайды.

 

 

-Кез-келген жағдайда улы газбен уланған кезде зардап шегушіге білікті медициналық көмек көрсету үшін жақын жердегі ауруханаға жеткізу керек. Атап айтқанда, улану қаупі пешпен жылытылатын үйлерде ғана бар деп ойлау қателік болар еді.

 

Көміртегі тотығы кез келген отынның (газ, көмір, отын, бензин және т.б.) толық жанбаған жағдайда пайда болады. Тек тәуекел дәрежесі әртүрлі. Табиғи газдың өзі – тиісті сапада, жақсы желдету болған және барлық ережелер бойынша орнатылған жарамды жабдықты пайдаланған жағдайда ғана қауіпсіз.

 

Есіңізде болсын – улы газ қауіпті, ол тез және байқатпай әрекет етеді, сондықтан адам өмірі мен денсаулығы жылдам қабылданған шараларға тәуелді. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!-деп ескертеді Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының мамандары.

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему