Білікті судьяның шешіміне ешкім дау айтпайды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 11:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Білікті судьяның шешіміне ешкім дау айтпайды

24 Сентября 2020 (10:25) | 1561 | Автор: Редакция

 

 

Тәуелсіз ел атанғанымызға биыл жиырма бес жыл толды. Кеңестік режимнің құрсауынан шыққан жас мемлекетті сол тұста құқықтық, зайырлы елдер қатарына қосу ең басты мақсат саналған еді. Өйткені, тәуелсіз елдің тұғырнамасын жасап, заңдарының негізін қалауға атсалысқан мамандар қоғам құқықтық тұрғыда өсіп, әділдік салтанат құрмайынша, қауіпсіздік орнамайынша дамудың, өсудің болмайтынын озық елдердің тәжірибесін саралау арқылы түсінген болатын. Шындығында дамудың даңғыл жолына түскен мемлекеттердің барлығы ең алдымен құқықтық құрылымдарының әлеуетін жақсартып, төл заңнамаларын жетілдіруге тырысқан. Сол ізбен жүрген Қазақстанның да қазір ауыз толтырып айтатындай жағымды жаңалығы аз емес.

 

Былтырғы жылы жиырма жылдық тарихын атап өткен Ата заңымыз елдегі барлық құқықтық құжаттың темірқазығы, негізі, іргетасы іспеттес. Ел конституциясы басшылыққа алына отырып жасалған құқықтық құжаттар қазір мемлекеттегі кез-келген саланы үйлестіріп, нәтижелі жұмыс істеуіне ықпалын тигізіп отыр. Соның арқасында бүгінде азаматтар кез келген дауға қатысты өз пікірін сот арқылы шешуге, дұрыстығын дәлелдеуге мүмкіндік алған. Мұндай өзгерістер еліміздегі үшінші билік саналатын сот саласын да жаңа биікке көтерді. Судьялардың ең негізгі құжаты – Конституция болғанымен, әділ төрелікке жетуге мүмкіндік беретін заңдар қазір барынша жетілдірілген. Әрине, тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы қабылданған заң, кодекстердің кеңестік құжаттар негізінде жасалғаны ешкімге құпия емес. Шынына келгенде ондай батыл қадам жасауға біздің заңгерлер де, құқық қорғаушылар да, билік те дайын емес болатын. Міне, тәуелсіздіктің алғашқы кездерінде кеңестік заңнамаларды қолданып, кейіннен сол құжаттарға сүйене отырып жұмыс істеуіміз жаңа өзгеріске қоғамның дайын болмауынан туындаған еді.

 

Кейінгі заңнамалар шетелдік тәжірибеге сүйене отырып жасалғанымен, олар да жергілікті халықтың тұрмысына, менталитетіне сай болмағандықтан теорияның тәжірибемен қабыспаған тұстары аз кездеспеді. Мұндай олқылықтардың сот жұмысына жағымсыз әсері болғаны даусыз. Ал, қазір қолданысқа енгізілген заңнамалар төл заңгерлеріміздің қолынан шығып, халықтың талқысынан өткендіктен қоғам сұранысын қанағаттындырып отыр.

 

Ақиқатын айтар болсақ, тәуелсіздік заңдық негізіміздің қалыптасуына пәрмен беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге, елдегі барлық мемлекеттік құрылымның жұмыс істеу механизмін адам танымастай өзгертті. Соның арқасында тар бөлмеде отырып, қағаз құжаттарды сапарылыстырған кеңестік кезеңдегі сот жүйесінің күні келмеске кетті. Қазіргі соттардың барлығы жаңа ғимараттармен қамтамасыз етілген. Кешегі сот пен бүгінгі соттың материалдық-техникалық жағдайы мүлде салыстыруға келмейді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сұрғылт ғимараттарда орналасқан соттар айналасына ерекше сұс беріп, азаматтарға жабық бір мекемені елестететін. Осы уақытқа дейін жүргізілген реформалардың нәтижесінде сот құрылымы қазір азаматтар үшін барынша ашық, қолжетімді мекемелердің бірі саналады.

 

Бұрынғы қағазбастылықтың ауылы алыста қалды. Жаңа технологияның көмегімен азаматтар қазір арыз-шағымын үйде отырып-ақ жолдап, оның қозғалысын да сырттай бақылауға мүмкіндік алды. Мұның өзі сот беделін өсіріп, судьяларға қатысты арыз-шағымның азаюына түрткі болғаны даусыз. Сот елдегі әділдіктің, тура төреліктің символына айналды. Сенімнің артқанының бір дәлелі бүгінде мәселесін сот арқылы шешуге тырысатындар көп. Яғни, халық кез келген дауға тек соттың ғана тура төрелік айтатынын түсінді. Бұған қоса, «Алқабилер туралы», «Медиация туралы» заңдар халықтың сот жұмысымен етене танысуына жол ашты. Әсіресе, соңғы жылдары қарапайым халық арасында алқа би болуға ынталылар көп. Бұрын сот шешімін сырттай бақылап, қазылар жұмысының ішкі тылсымын түсіне бермейтін халық өкілдері алқа би болу арқылы ақ пен қараны айырудың қаншалықты ауыр, қаншалықты жауапты екенін сезінгені анық.

 

Тәуелсіздік түлеткен құрылымда 2010 жылдан бері мамандандырылған ауданаралық соттар жұмысын жүргізіп келеді. Бұл да қазақстандық сот құрылымының жаңа реформаларға сай, халықаралық талаптарға жақындағанын көрсетеді. Өйткені, мамандандырылған соттар дамыған елдер тәжірибесінде бұрыннан бар. Мұндай өзгеріс істерді сапалы қарауға, судьяларды бір салаға бейімдеуге, білімдерін тереңдетуге ықпалын тигізеді.

 

Осы бастаманың негізінде құрылған Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жұмыс істеп келе жатқанына он бес жылдың жүзі болды. Осы аралықта сотта қаншама күрмеуі қиын істер таразыға түсіп, шешімін тапты. «Көре-көре көсем боласың» демекші, бір салаға маманданып, қылмыстық істерге қатысты заңнамаларды жетік меңгерудің арқасында шығарылған үкімдердің сапасы көпшілік көңілінен шығуда. Әрине, сот үкіміне екі тараптың да көңілі толатын кездер сирек. Дегенмен, өз саласын жан-жақты білетін қазы тараптардың ойында күмән қалдырмайтындай сөзін нық, сенімді айтатыны даусыз. Білікті судьяның шешіміне дау айтпаудың сыры сонда.

 

Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Шаров Гафур Хамзеұлы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему