Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы халықаралық деңгейде  аталып өтеді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 14:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтеді

1 Сентября 2019 (12:07) | 2891 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мәлімдеді.

 

 

Халық жазушысы, «Қазақстанның Еңбек Ері», абыз тұлға Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған шаралар 2019-жылдың қазан айының 10-12 күндеріне жоспарланған. Мерекені өткізудің негізгі мақсаты- заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлын халықаралық деңгейде танытып, дәріптеу. 10-қазан күні бастау алатын шараға жазушымен әріптес болған әдебиет және өнер қайраткерлері, шығармаларын бірнеше тілге аударған аудармашылар, сондай-ақ Еуропа, Жапония, Түркия мемлекеті мен көршілес Ресей елінен ғалым, зерттеушілер шақырылады. Шараның алғашқы ресми ашылуы ҚР президентінің арнайы құттықтауымен басталмақ.

 

-Айта кету керек шараға ҚР мәдениет министрі қолдау көрсетуде. Шара барысында Ақтау қаласында Әбіш атамызға арналған мәдени орталық кешенінің алдында орналасатын көрнекті ескерткіштің және облыстық өлкетану музейінің ашылу салтанаты, оған қоса мәдениет, өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі өтеді деп жоспарлануда.

 

 

Мерекелік шаралар заңғар жазушының туған жері Оңдыда жалғасын тауып, кейін Шетпе селосындағы республикалық деңгейдегі «Сөз бен саз» бағдарламасымен толығады.

 

Сондай-ақ Халықаралық деңгейдегі театрлар қатысатын «Әбіш әлемі» фестивалі және қазақтың ұлттық спорттық ойындары да ұйымдастырылады деп жоспарлануда, - деді облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев.

 

 

Мерейтой аясындағы шаралар осы жылдың басында бастау алды. Мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары», «Жас ақындар мүшәйрасы» сондай-ақ шығарма жазу сайыстары өткізілді.

 

Қазіргі таңда шараның ресми логотипі әзірленіп, дайындық қарқынды жүргізілуде. Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен «Әбіш оқуларының» жеңімпаздарына, филиология және журналистика саласында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге Әбіш Кекілбаев атындағы шәкіртақы тағайындалмақ.

 

 

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орайластырылған шаралар легі тек қана Маңғыстау облысымен ғана шектелмей, 6-желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында жалғасады.

 

Суреттер Маңғыстау облысы «ӨКҚ» және 365info.kz сайтынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему