Ақтаудағы 15 тұрғын үйдің жеделсатысы жаңартылады
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 12:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы 15 тұрғын үйдің жеделсатысы жаңартылады

12 Июня 2021 (11:36) | 941 | Автор: Редакция

Биыл қаладағы 15 көпқабатты тұрғын үйге жаңа жеделсаты орнатылады. Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының м. а. Алпысбай Таубаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Ақтау қаласында көпқабатты үйлердегі мәселенің бірі - жеделсаты. Бүгінде қала бойынша 963 жеделсаты бар. Оның 607-сі тұрғын үй инспекциясына тіркелген, ал,  356-сы тіркелмеген. Яғни, тіркелмеген жеделсатыларға заң жүзінде қызмет көрсетуге рұқсат жоқ. Қазір қалалық тұрғын үй инспекциясы бұл жеделсатыларды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізіп отыр.

Жеделсатылардың техникалық қызметіне лицензиясы бар жеке кәсіпкерлер жауапты.

«Биыл 4 шағын аудандағы 1,3,5,9,10 тұрғын үйлердегі, 6 шағын аудан 39 тұрғын үйдегі, 11 шағын аудан 6б, 7а,7б, 8а және 12 шағын аудан 31,32,33 тұрғын үйлердегі, 27 шағын аудан 72 мен 28 шағын аудан 28 тұрғын үйлердің жеделсатылары жаңартылады. Бұл тұрғын үйдің барлығы 9 және 11 қабатты. Былтыр қаладағы 34 тұрғын үйдегі ескірген жеделсаты жаңасына ауыстырылған болатын», - деді  Алпысбай Таубаев.

Айта кетейік, жаңа жеделсатыларды орнату бойынша мердігер компанияны анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

 

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему