АҚТАУДА ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ
1 Сентября 2019 (11:58) | 3134 | Автор: Нурганым Имашева
Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов пен Өзбекстанның ҚР төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев қатысты. Дипломатиялық кеңсе Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыс пен достық қарым-қатынастың нығая түсуіне мүмкіндік бермек
-Бүгін қасиетті Маңғыстау өңірінде тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Екі туысқан халық арасындағы ежелгі, терең тарихы бар мәдени және рухани байланыс одан әрі кеңейіп келеді.
Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасымыз одан әрі нығая бергей,- деп құттықтады Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.
Өзбекстанның ҚР төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев ендігі жерде отандастарының кез-келген құжат үшін Ташкент қаласына бармай-ақ, елшілік кеңсесіне келу арқылы нотариалдық куәландыру рәсімін жасау мүмкіндігі пайда болғаны туралы мәлімдеді.
Елшінің айтуынша, Өзбекстан мен Маңғыстау облысы арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың алты айында 1,5 млрд. долларды құраған. Жыл соңына дейін оны 4 млрд доллар көлеміне дейін жеткізу жоспарланып отыр. Биылғы 2019 жыл Өзбекстанда Қазақстан жылы болып жарияланған. Бүгінде Маңғыстауда Өзбекстанның 33 бірлескен кәсіпорны жұмыс істеуде.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 17 шілдесі күні екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан» республикалық маңызы бар автомобиль жолы салтанатты түрде ашылды.
Бұл екі мемлекет арасындағы экономикалық жобаларды іске асыруға үлкен серпіліс беретіні анық. Бас консулдықта екі ел азаматтары мен еңбек мигранттарына да құқықтық көмек көрсетіледі. Өзбекстан елшілігі Ақтау қаласының 30 шағынауданындағы №83 үйде орналасқан.
Бұдан бұрын Ақтауда көршілес Әзірбайжан, Иран, Түркия мен Түркіменстанның консулдықтары ашылған болатын.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему