Әдеп жөніндегі кеңестің жаңа форматы тәжірибеге енді
16 Августа 2020 (10:32) | 2153 | Автор: Редакция
Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұргүл Жанназарова мәлімдеді.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдардың тұрғындарға барынша ашық және көрсетілетін қызметтердің қолжетімді болуы өзекті мәселелердің бірі.
Осыған орай, Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы Ақтау қаласындағы «Forte bank» АҚ филиалы ғимаратында тұңғыш рет жаңа «Open Space» форматында өткізілген. Аталған мәжілісті кез келген тұлға көре алатындай мүмкіндік жасалған.
«Мұны біз, қоғам мен мемлекеттің арасын жақындатуға, қабылданатын шешімдердің ашықтықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тағы да бір үлкен нақты қадам деп санаймыз»-деп атап өтті Нұргүл Алмасқызы.
Ал, елімізде Төтенше жағдай енгізілген кезде Әдеп жөніндегі кеңес өзінің жұмысын азаматтардың денсаулығына қауіп төндірмеу және сақтық шараларын күшейту мақсатында, алғаш рет әдеттегідей емес, қашықтықта, яғни жаңа байланыс құралдарын кең көлемде қолдану арқылы онлайн форматта жалғастырды.
Бұл формат, сонымен бірге, өзінің тиімділігін байқатты. Мысалы, бұрын кеңес мүшелерінің кворумы болмауына байланысты мәжілісті кейінге қалдыруға тура келетін болса, енді кез келген мүше басқа қалада жүрсе де, мәжіліске қатыса алатын мүмкіндікке ие болды.
Осы уақытқа дейін жаңа онлайн форматтағы Әдеп кеңесінің 5 отырысы өткізілді және де алдағы уақытта да өзінің жалғасын табатын болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему