Мұғалім жаңа ұлттық ойын ойлап тапты
28 Апреля 2017 (12:43) | 2597 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстаулық мұғалім жаңа ұлттық ойын ойлап тапты. Амангелді Меденов жобасына «Қаздойбы» деп ат берген. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлайды.
Ойынның басты ерекшелігі бір тақтада төрт адам ойнайды. Тақтада 132 тор бар. Олар латын әріптерімен және 1-ден 12-ге дейінгі санмен белгіленген. Қаздойбы тастарының аты «сарбаз» . Ойын негізінен дойбының әдісімен жүреді. Қазір авторлық құқыққа ие болу үшін әділет департаментіне өтініш жіберген. Одан әрі ұлттық ойын федерациясына ұсыныс беріп ел аумағына тартуды көздеп отыр. Қазіргі кезде Ақтау, Жаңаөзен және Бейнеудегі мектептерде қолданысқа енген. Қаздойбының ресми тұсаукесері 1- мамыр бірлік күні теңіз жағалауында кесіледі. Және сол жерде 5-6 сынып оқушылары арасында алғаш рет жарыс өтеді.
Амангелді Меденов - «Қаздойбы» ойынының авторы:
-Бір деген сан жағында көк тас тұрады. Тасты сарбаз деп атаймыз. Одан кейін қара орналасады оң жағында. Қарадан кейін қызыл сосын ақ міндетті түрде осы ретпен орналасуы керек. Және жүрген кезде де көктен бастап жүреді. Негізгі дойбы секілді ақтан бастап емес. Көк қазақтың туы. Және оң жақ бағытына қарай жүреді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему