Ақтауда 34 шағын ауданда жаңа мектептің құрылысы басталмақи
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда 34 шағын ауданда жаңа мектептің құрылысы басталмақ

26 Августа 2019 (09:25) | 2917 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында өткен брифинг барысында Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының м.а Қойжанов Нұрлыбек мәлім етті.

 

 

- Бүгінгі таңда Мұнайлы ауданының Басқұдық елді мекеніндегі №9 орта мектеп (о/м) жанынан 320 орындық, Атамекен ауылындағы №7 о/м жанынан 320 орындық, Батыр ауылында 960 орындық мектептің құрылысы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Ақтау қаласында 34 шағын ауданнан 900 орындық жаңа мектеп бой көтермек. Жаңадан салынып жатқан шағын аудандардағы мектеп жасындағы 1033 баланы аталған жаңа мектеп пайдалануға берілгенше 32 «б» ш/а орналасқан облыстық дарынды балаларға арналған мектеп қабылдамақ», - деді Н.Қойжанов.

 

Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ұсыныс Министрлікке жолданған.

 

 

Аталған жобалардан бөлек 2020-2024 жылдарға жоспарланған 19 инвестициялық жобалардың тізімі бекітілген (Ақтау -7, Жаңаөзен -2, Қарақия – 1, Мұнайлы -5, Түпқараған -5, Бейнеу - 3).

 

-Ақтау қаласындағы 29 ш/а орналасқан №28 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізуге бастапқыға 20,0 млн теңге бөлінді және 363,5 млн теңгеге 101 мектепке, сонымен қатар 86,0 млн. теңгеге 46 балабақшаға жеңіл жөндеу жүргізілді», - деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының басшысы.

 

Биылғы жаңа оқу жылында 151 680 оқушы, оның ішінде жаңартылған мазмұнға көшетін 4, 9, 10 сыныптарға 33 772 оқушы мектепке барады деп күтілуде. Аталған сынып оқушыларына 100%, қалған сыныптарға қор жинау циклы бойынша барлығы 1 124 684 дана оқулық сатып алынбақ.

 

 

Білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің басшысы Клара Кулатаеваның айтуынша, жаңа оқу жылында өңірде 21 000 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Бүгінгі таңда облыс бойынша 16 000 ата-анадан мектепке қабылдау туралы өтініш келіп түскен. Биыл бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап қабылданады. Өңірдің барлық аудан-қалаларындағы білім ордаларында тамыз айында мектеп алды дайындық курстарынан өтпеген бүлдіршіндерге арнап, дайындық курстарын ашу туралы тапсырмалар беріліп, ол бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

БАҚ-да жарияланған Ақтаудағы 6-шағын аудандағы мектептің кітаптарынан табылған қандала мен мұғалімдердің кешіктірілген жалақысы бойынша сұраққа басқарма басшысы былай деп жауап берді.

 

-Қандалаға қатысты аталған жайт бойынша тексерісті Ақтау қалалық білім бөлімі жүргізуде. Тексеріс аяқталған соң, ресми түрде мәлімдеме жасалынады. Ал, мұғалімдердің кешіктірілген жалақылары бүгінде толық төленді, - деді Н. Қойжанов.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему