«Бастау бизнес» оқыту курсы басталады
2 Июня 2020 (10:16) | 1770 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Аманат Махмутов мәлімдеді.
Оның айтуынша, «Жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету мақсатында биыл "Еңбек" бағдарламасы бойынша облысымызға 640 қайтарымсыз грант бөлінді. Оқуға көпбалалы отбасы немесе аз қамтылған жанұя мүшелері, оралмандар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар ( I, II топ мүгедектер). Бұл азаматтар курс оқымай-ақ тікелей бағдарламаға қатыса алады. Ал, жұмыссыз азаматтарға арнайы оқу қажет.
Соған байланысты облысымызда «Бастау бизнес» оқу гранты 10-шы маусым күні басталғалы жатыр. Ол туралы алдын-ала жергілікті газет, әлеуметтік желілерге жарияланды. Оқуға тіркелу үшін аудандық, қалалық тұрғындар жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына хабарласып, жолдама алулары қажет».
-"Бастау бизнес" бойынша оқу аяқталғаннан кейін грантқа қатысуға немесе төмен пайыздық шағын несиеге алуға мүмкіндік бар. Атап айтар болсақ, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 78 айға дейін 4 млн тг беріп жатыр. Тігін шеберханалары мен автокөлік жуу орталықтарына да 60 айға 6 млн. тг несие беріліп отыр. Айта кетейік, несие алатын азаматтың міндетті түрде кепілдігі болуы шарт.
Сол сияқты «Бизнестің жол картасы- 2025» бағдарламасы бойынша да тың идеялары бар кәсіпкерлерді қолдауға гранттар қарастырылған. Биыл Маңғыстау облысында гранттарды күзге салым беру жоспарда бар. Грант қоры шамамен 2-5 млн.тг аралығында беріледі. Өтініш беру үшін азаматтар жергілікті кәсіпкерлік бөліміне барады. Бұл грантка барлық кәсіпкерлер қатысуға мүдделі,-деп түсіндірді өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалының бөлім басшысы Аманат Махмутов.
Суреттер қоғамдық коммуникация орталығынан және 7kun.kz сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему