«Жас батыр» спорт мектебі самбошыларының қатары көбеюде...
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жас батыр» спорт мектебі самбошыларының қатары көбеюде...

29 Октября 2020 (13:20) | 3442 | Автор: Нурганым Имашева

Чемпиондардың ордасына айналған Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазіргі таңда 300 самбошы бар, олардың ішінде ҚР чемпиондарымен қоса, Азия және Әлем чемпиондары тәрбиеленуде. Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы «Жас батырлық» самбошылар үшін олжалы жылдың бірі болды.

 

 

Самбодан Әлем чемпионы Даурен Төлегенов, Азия чемпионы Нұрбек Қуанышұлы, жауынгерлік самбодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Нұркен Домбаев болса, тіпті спорт шеберлерінің арасында да «Жас батыр» мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов Әлем чемпионы атанды.

 

 

-Қазіргі таңда самбо спорты Маңғыстау облысында кеңінен тарап, оң нәтижелер көрсетуде. Сол себептен де болар Самбо күресіне балалардың сұранысы тез артуда, оның ішінде ауыл балалары арасында белсенділік байқалуда. Сондықтан да бұл жолы жуырда Жаңаөзен қаласы, Ақшымырау, Үштаған ауылдары, Бейнеу ауданында мектебіміздің филиалдары ашылды,- дейді Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары Сындаргүл Жомарт.

 

Аталмыш спорт мектебінде осы уақытқа дейін Жұмағалиев Берік, Жанболатұлы Айбек, Айдынғалиев Нұржан, Түйешиев Ислам бапкерлер қызмет етсе, енді Қойбағаров Айтжан, Сейдов Асылбек, Төреханов Нұрғазы, Өтеғұлова Ұлдана, Жолмұратов Сұңғат секілді жас мамандармен қатар толықты. Қазіргі таңда жас мамандар балаларды қабылдау үстінде, алдағы уақытта олар да Әлемді бағындырар чемпиондардың бірі болатыны сөзсіз.

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясының» жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, қыркүйек айында Шымкент қаласында ерлер және әйелдер, сонымен қоса жасөспірімдер арасында жалпы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті.

 

Оған Маңғыстау облысының құрама командасының самбошылары Мамаев Рамазан, Қуанышұлы Нұрбек, Төлегенов Даурен, Рахметова Айкүн, Әбуов Жандос, Аманқос Ернар, Қаспаев Жалғас, Жұбатқан Нұрсұлтан, Кеңесбек Мерейлім, Муканова Жанбота, Нұрғалиқызы Гүлнұр, Қобланов Төрекен секілді самбошылар қатысып, тәжірибе алмасып келді.

 

 

15 күнге созылған оқу-жаттығу жиынын Самбо күресінен КСРО-ның спорт шебері, Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген бапкер, спорт қайраткері Қойшыбек Керей өткізді.

-Өзіңізге мәлім, елімізде індетке байланысты оқу-жаттығу жұмыстары тоқтатылып, мектептер уақытша жабылды. Дегенмен, біздің спортшылар ашық алаңда, аспан астында кезекпен жаттығу жұмыстарын өз бапкерлері Берік Жұмағалиев және Айбек Жанболатұлының қадағалауымен өткізіп тұрды.

Жаттығудың үзіліссіз өтуі Шымкент қаласында өткен жаттығу барысында самбошыларымыздың көштен қалыпқоймағанын байқатты. Балаларымыз сақадай сай, енді тек қана жарыстан хабар күтудеміз....

Болашақта чемпиондар ордасынан ел тарихында есте қалар самбошыларымыздың жаңа есімдері жарық ететініне сенімдіміз!-деп мәлімдеді Сындаргүл Ершорақызы.

 

 

Суретті түсірген «Жас батыр» спорт мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему