Маңғыстау облысы прокуратурасы үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту фактілерін талқылады
14 Августа 2019 (19:06) | 1850 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының прокуратурасында жергілікті атқарушы, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылығы, сондай-ақ құрылыс компанияларының өкілдері қатысқан үлескерлік құрылыс саласындағы заңдылық жағдайы мәселесі бойынша алқа отырысы өтті.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
-Отырыс барысында осы саладағы проблемалық мәселелер, соның ішінде үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту фактілері, уәкілетті органдар тарапынан тиісінше бақылаудың жоқтығы талқыланды.
Мәселен, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы қолданыстағы заңнаманы сақтамау салдарынан құрылыс салушылармен 300-ден астам азаматтардың құқықтары бұзылған,- деп мәлімдейді баспасөз қызметі.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, «2018 жыл мен ағымдағы жылғы өткен кезеңде облыс прокуратурасының органдарымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 320 бабы бойынша («Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу») 7 құрылыс салушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Алқа отырысының нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарына бірқатар нұсқаулар мен ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабын басшылыққа ала отырып, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:
1) Кепілдік беру қорынан кепілдік алу;
2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
3) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылатындығын түсіндіреміз.
Осы үш тәсіл тұрғын үйлерді салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартудың жалғыз мүмкін нұсқасы болып табылады.
Үлескерлердің ақшасын тартудың басқа тәсілдеріне заңмен тыйым салынған».
Облыс әкімдігі тарапынан құрылыс компанияларының қызметіне мониторинг жасалып, құрылыс саласында тексерулер жүргізілгені белгілі болды және олардың нәтижесінде бірқатар құрылыс компанияларының рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы азаматтарға тұрғын үйді Заң шеңберінде сатып алған жағдайда ғана құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік берілетінін еске салады!
Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему