Тіл мен егемендік егіз ұғым
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 16:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тіл мен егемендік егіз ұғым

25 Декабря 2018 (11:46) | 18169 | Автор: Нурганым Имашева

Тіл – мемлекеттің тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Қай халықты болмасын, басқалар оны тілі арқылы таниды. Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Гимні, шекарасы болатыны секілді, өз мемлекеттік тілі болады. Бірақ, қазақ тілі – тек қазақ халқының ғана тілі емес, мелекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.

 

 

Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз - тәуелсіздік, егемендіксіз тіл болмақ емес. Тіл - тәуелсіздіктің қуатты тірегі, халықтар бірлігін көтеретін күш.

 

Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында: «Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері»- деп тайға таңба басқандай, анық та айқын көрсетіп берген болатын.

 

Қазақстанның көп ұлттылығы да ұзақ жылдардың тарихи жемісі болып табылады. Елбасымыздың көрегендік басшылығымен бір Отанда – Қазақстанда олардың тағдыры қалыптасты. Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері үшін мектептер, олардың мәдениеті мен тілінің дамуы үшін ұлт орталықтарын ашуға мүмкіндік берілді. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап қалуына жағдай жасалды. Өзге тілді ұлт мектептерінде қазақ тілін негізгі пәндердің бірі ретінде қою тілді дамытуға жасалған дұрыс қадамдардың бірі болды. Әрине,өзін Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт.

 

Қазіргі таңда өзге ұлттан тұратын көптеген отбасылардың балаларын қазақ мектептеріне беруі көбейді, осының нәтижесінде қазақ тілінде таза сөйлейтін өзге ұлттар саны жылдан – жылға артып келеді. Департаментте мемлекеттік тілдің барған сайын қолданысын кеңейтуге, жандандыруға ықпал ететін біршама шаралар атқарылуда. Мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылып, жыл сайын полиция қызметкерлерінің қазақ тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «ҚАЗТЕСТ» жүйесімен диагностикалық тестілеу ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын түрлі ұлттардың салт-дәстүрлерімен тереңірек танысу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген облыстық байқауларда полиция қатарында қызмет атқаратын өзге ұлт өкілдері «Бас жүлде», жүлделі 1,2,3 орындарды иеленіп келеді. Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында ұлттық сипаттағы «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесіне орай өткізілген шаралар да қазақ тілін жандандыруға, салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды басқа халық өкілдерінің білуіне де үлкен септігін тигізуде. Полиция қызметкерлеріне арналған жауынгерлік-даярлық сабақтары, жиындары да қазақ тілінде өтеді. Осының барлығы тіліміздің өркендеуі үшін елімізде жасалып жатқан ауқымды істердің бір бөлшегі ғана деп білемін.

 

Елбасымый айтқандай, «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!»

 

Ендеше, тәуелсіздіктің арқасында жеткен асылымызды қадірлей білейік, ағайын!

 

Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі

 

Суреттер kfznu.kz 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему