Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлері тікелей эфирде тұрғындар сұрақтарына жауап береді
13 Сентября 2021 (13:59) | 1702 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша, 13 қыркүйектен бастап облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, басқарма және бөлім басшылары әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.
Тікелей эфир облыс әкімдігінің ресми парақшаларында өтеді. Хабар тарату уақыты шектелмеген. Сұрақтар мен ұсыныстарды тікелей эфир кезінде кез-келген тұрғын қоя алады.
Тікелей эфирге алғашқы болып ауыл шаруашылығы, табиғат пайдалану, жер қатынастары және ветеринария саласына жетекшілік ететін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов шығады.
???? Сілтеме
➡️https://www.facebook.com/AkimatMangystau/
➡️https://instagram.com/akimat_mangystau?utm_medium=copy_link
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему