Қауіптің алдын алуға ұмтылыс жасалды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 21:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қауіптің алдын алуға ұмтылыс жасалды

22 Июля 2019 (11:09) | 1898 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша «ОйлТраснпортКорпорэйшн» ЖШС мекемесінде өрт қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайдың алдын алу, өрт сөндіру құралдарын мекеменің қызметкерлерінің дұрыс пайдалана білуін пысықтау мақсатында алдын алу шарасы өтті.

 

 

Шараға арнайы келген Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау кіші лейтенанты Алибек Абилов және Көкшетау техникалық институтының курсанты Сүндет Нұрпейісов және аталған мекеменің қызметкерлері қатысты.

 

 

-Өмірде түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін, еліміз бойынша да, өңірімізде де «тілсіз жаудан» зардап шегіп жатқандар бар. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында, мекемемізде қызмет ететін қызметкерлердің өртсөндіру құралдарын дұрыс пайдалану тәртібін үйренуі үшін осындай шараны ұйымдастырып отырмыз.

 

Мұндай жағдай тек қызмет барысында ғана емес, үй жағдайында да кездесіп қалуы мүмкін. Әрбір адам кез-келген төтенше жағдайға дайын болуы тиіс,- дейді алдын алу шарасын ұйымдастырушылар.

 

 

Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау кіші лейтенанты А.Абилов «ОйлТранспортКорпорэйшн» ЖШС қызметкерлеріне өрт сөндіру құралын төтенше жағдай орын алған жағдайда қалай дұрыс қолдану керектігін түсіндіріп, оны пайдалану тәртібіне, негізгі қағидаларына толық тоқталып өтіп, құрал-жабдықтың толықтай сипаттамасын беріп, қолдану бағытын көрсетті. Сонымен қатар, өртсөндіру құралының бірнеше түрі туралы әңгімелеп, олардың ерекшеліктері жайлы айтып, өрт бола қалған жағдайда дұрыс іс-әрекет жасаудың жолдарына тоқталды. Өрт орын алғанда бөлмеде қалып қойған жан не істеуі керек, дәлізде қалып қойған жағдайда қандай әрекеттер жасалуы тиіс - осылардың бәрін егжей-тежейлі түсіндірген маманның нұсқаулықтары мекеме қызметкерлерінің төтенше жағдайды еңсеру бойынша дағдыларын пысықтауға мүмкіндік беріп, экстремалды жағдайда шұғыл әрі батыл әрекет ете білудің маңыздылығын айшықтай түсті.

 

Төтенше жағдайлар саласы маманының нұсқаулығын мұқият тыңдаған «ОйлТранспортКорпорэйшн» ЖШС мекемесінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігін сақтау барысында біраз мәліметтер алды.

 

Суреттерді түсірген Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему