Қыздар тәрбиесіне арналған басқосу
14 Мая 2017 (22:21) | 2871 | Автор: Нурганым Имашева
«Қыз жолы» жобасы аясында «Бекен» жас көшбасшылар достастығы мен «Рай» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығының бірлесе ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың мамыр айының 12 – сі күні «Қыз жолы» қыздар конгрессі өтті.
Шараны ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, жиынның мақсаты - қыздар арасында әлеуметтік мәселелерді талқылау, жасөспірімдер арасында неке және отбасы құндылықтарын насихаттау, сонымен қатар, мектеп бітіруші қыздарға кәсіптік бағыт – бағдар беру.
Аталған басқосуға Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрдәулетов Аманғали Сүлейменұлы қатысты, сөз кезегі ұсынылғанда ол жастар саясаты бойынша жас жеткіншектер мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар туралы ақпарат беріп өтті.
Маңғыстау облыстық білім басқармасының өкілі Төремұрат Алма Бекқызы мектептегі қыздар тәрбиесі жайында сөз қозғады. Қыздар тәрбиесіндегі қоғамның рөлі жайында пікір білдірген «Жастар жетістіктері» ҚҚ директоры Жақсыгүл Шахзадақызы бүгінгі қоғамдағы түйткілді мәселелерді атап айтты. Аналық ілтипатпен қыз қадірі жайында сөз қозғаған Айнұр Асқарқызының пікірі қатысушыларға ой салды.
«Рай» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Бекманова Райхан Абдуллақызы өз кезегінде отбасы және неке мәселері, қыздар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы тұшымды пікірін білдірді.
Шараның екінші бөлімінде жиынға қатысушыларға жетістік кұпиясымен бөлісу мақсатында Н.Жантөрин атындағы музыкалық – драма театрының әртісі Ходжахмедова Жазира Мұхтарқызы сөз алып, кәсіптік бағыт – бағдар беру бойынша ақтаулық танымал дизайнер Амирова Гаухар Оңайбайқызына сөз берілді.
«Бекен» жас көшбасшылар достастығының директоры, жоба авторы Мұқаш Бекенұлы:
-Бұл жоба арқылы, қыздарымызға өмірлік және кәсіптік бағыт – бағдар бергіміз келеді. Олардың өмір жолын ақ, қауіпсіз етуді көздейтін аталған жоба жыл бойы жүзеге асатын болады, - деп түйіндеді.
Басқосуға қатысқан 9 сынып оқушылары жиын соңында спикерлерге сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему