Кәсіпкердің мәселесі оң шешілді
10 Ноября 2018 (20:16) | 2218 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Қарақия ауданының кәсіпкері Жасұлан Бисенбаевтың мәселесі өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының араласуымен оң шешімін тапты. Кәсіпкер жекеменшік балабақшасына қатысты заңсыз әрекеттердің болғанын айтып кәсіпкерлер палатасының мамандарына жүгінген еді.
Негізгі мәселе- Қарақия аудандық білім және қаржы бөлімдері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жан басына шаққанда бір айдағы қаржыландыру мөлшерін мемлекеттік пен жекеменшік балабақшаларға әртүрлі дәрежеде аударып келгені белгілі болды. Мәселен, 50-100 балаға арналған мемлекеттік бөбекжайларға әр бала үшін - 36 388 теңге бөлінсе, жекеменшік балабақшаларға- 27 500 теңге төленген.
«Кәсіпкер Жасұлан Жұмағалиұлының өтініші бойынша Маңғыстау облысы білім басқармасының 2018 жылдың 13 қыркүйегіндегі бұйрығы негізінде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы заңсыздықты анықтау үшін зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Анықталғаны: ҚР 2007ж. 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 4-тармағына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекітеді. Алайда, 2018 жылға мұндай қаржыландыру шығыны аудандық білім бөлімімен бекітілмегені анықталды»,- дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының 1-санаттағы сарапшыса Әбен Көптілеуов.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2018 жылдың 14 ақпан және 1 наурыздағы Қарақия аудандық білім бөлімімен бекітілген екі бірдей бұйрықтың күші жойылды. Сөйтіп, қайта есептеу 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап жүргізілетін болды.
Есептемелерді реттестіру және орындары тең дәрежедегі балабақшаларға бірдей шығын бөлу жоспары аудандық қаржы бөліміне ұсынылды. Кәсіпкерлер палатасының нәтижелі жұмыстарының көмегімен кәсіпкерге тиісті мөлшердегі қаржы төленетін болды. Мұның өзі палатаның кәсіпкер мен құзырлы органдар арасында дәнекер болу міндетін адал атқарғанының жарқын көрінісі.
Суреттерді ұсынған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему