Ел болашағына - ерекше қамқорлық
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 10:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ел болашағына - ерекше қамқорлық

22 Июля 2019 (09:32) | 1908 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР тұңғыш Президентінің жастарға әркез назары, қамқорлығы ерекше. Мемлекет қолдауын әрбір жас сезінеді деп ойлаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жастарға арналған десек болады.

 

 

Жолдауда Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақстандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке жастардың білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының білім сапасы, түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Себебі білімді жас - сапалы маман болып қалыптасары сөзсіз.

 

Елбасы үкіметке «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созу керектігін айтты. Бағдарлама аясында мыңдаған жастың бастамасы қолдау тауып, олар өз кәсібін бастап та үлгерді. Бағдарлама мерзімін ұзарту жас кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау екені белгілі.

 

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы жолдауында еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп санаймыз. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Жолдауда жоғары оқу орындарынан мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген.

 

 

2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануы біз үшін үлкен жаңалық болды деп айта аламын. Бұл дегеніміз осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп келе жатқан қамқорлықты одан әрі дамытып, тұтастай ұрпақ ісін жан-жақты қолдау. Осылайша жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналады. Елбасы тапсырмасынан кейін жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды жүзеге асыру арқылы үкімет ел болашағы үшін тағы да маңызды қадам жасайды деп сенемін. Ал, бұған дейін қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өскелең ұрпақ - жастар үшін жасалатын негізгі жұмыстардың алғышарты болмақ.

 

Қазіргі таңда Жаңаөзен қалалық сотында бірнеше жас буын мамандары қызмет атқарады. Олар әрдайым өздерінің лауазымдық міндеттерін адал, мұқият атқарғандығымен қоса қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып «Мемлекеттік қызметшілер» төл мерекесін тойлау қарсаңында қала әкімінің алғыс хатымен қос бірдей маманымыз, яғни Камшат Ғинаятова мен Айнұр Сарыева марапатталды. Маңғыстау облыстық соттар әкімшісінің облыстық соттар арасында ұйымдастыруымен аталған мерекеде өткізілген сайыста Жаңаөзен қалалық сотының жетекші маманы Айнұр Сарыева бас жүлдені қанжығасына байлады.

 

Сонымен қатар, өз лауазымдық қызметтерін адал әрі жауапты атқарып жүрген жас мамандарды атап өтсек, мысалға қалалық сотының бас мамандары С.Қарабалаева, Е.Адылов, А.Ахибаев және жетекші маман Д.Калабаеваның еңбектерін қалай бағаламасқа?

 

Сондай – ақ, Жаңаөзен қалалық «Жұмыспен қамту орталығының» Жастар практикасы арқылы келісім шарт бойынша қалалық сотында болашақ заңгер мамандарын дайындау жұмыстары тұрақты жолға қойылған. Атап айтқанда ағымдағы жылдың I – щі жартыжылдығында 8 жас маман тәжірибеден өтіп, болашақ мамандар ретінде дайындалуда. Қазақтың ақыны Мағжан Жұмабаевтың өлең шумағынанда айтылғандай қазіргі жастарымыз:

 

Арыстандай айбатты,

 

Жолбарыстай қайратты –

 

Қырандай күшті қанатты.

 

Мен жастарға сенемін! – дегендей еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде.

 

Өз сөзімді қорытындылай келе жастық шақтың күш – қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай беріңіздер! Жастарға зор денсаулық, толағай табыс пен бақ – береке тілеймін!

 

Танибике Туникбаева

Жаңаөзен қалалық сотының кеңсе меңгерушісі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему