Маңғыстаулық тұрғындар полиция қызметіне алғыс білдірді
24 Марта 2019 (12:50) | 1525 | Автор: Нурганым Имашева
Ағымдағы жылдың 23 наурызында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, 30 минут ішінде халықтың көкейіндегі сұрақтарға толықтай жауап берді.
Бұл туралы біздің басылымға Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Қойылған сұрақтардың ішінде жол жүру ережелері, көші-қон құжаттары, қызметкерлерді аттестациядан өткізу мен жалақылары туралы, қылмыстық істер, әкімшілік жауапкершіліктер, жол қилысындағы бейнекамералар, құқықбұзушылықтар туралы мәселелер қаралды. Көптеген сұрақтар шешімін тауып, ұсыныстар жоспарға алынды. Сонымен қатар, халықтың басым көпшілігі тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, полиция жұмысына көңілдерінің толатындығын тікелей арнада жеткізді.
Ағымдағы жылдың 29 наурызында Департамент басшысы Қанат Даниярұлы Ақтау қаласының 34ш/а орналасқан «Қазақстан Халықтарының Ассамблея» ғимаратында халықпен тікелей кездесуін өткізетіндігін хабарлап, барша тұрғынды кездесуге шақырды,- деп мәлімдейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сурет m.kapital.kz сайтынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему