Маңғыстаулықтар Telegram-Bot қосымшасын жүктеп, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтер алады
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 10:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулықтар Telegram-Bot қосымшасын жүктеп, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтер алады

16 Июня 2019 (12:32) | 3756 | Автор: Нурганым Имашева

Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді қолжетімді еткен @egovkzbot қызметіне мамыр айында бір жыл толды. Осы мерзім аралығында аталмыш бот көмегімен 534 мың қызмет көрсетілді. Бұл туралы халыққа қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

 

-Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлі мемлекеттік қызмет пен сервистерді алуға мүмкіндік береді. Жиі сұралатын анықтамалардың ішінде мекенжай, соттылықтың болмауы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлердің анықтамалары бар.

 

Бұған қоса кез келген азамат зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйінде тіркелгендердің тізімін қарай алады. Egovkzbot-тағы сервистер арқылы дәрігердің қабылдауына жазылып, борышкерлер тізімінде бар-жоғын тексеріп, бос жұмыс орындарын қарауға болады. Тіпті ХҚКО келерде талонды броньдау арқылы, алдын ала кезекке жазылып қоя алады,- деп түсіндірді.

 

 

«Egovkzbot-ты қолдану үшін азаматтар мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Бұл үшін кез келген ХҚКО-на 1 рет жүгінсеңіз болғаны. Айта кетейік, бір жыл ішінде онлайн қызметтер ботын пайдаланып үлгергендердің саны 320 мыңнан асты. Ал 1 айда 1500ден аса Маңғыстаулықтар Телеграм-Бот қосымшасын жүктеу арқылы, 25 түрлі мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ алып отыр.

 

Телеграм желісіндегі @EgovKZBot қосымшасы мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алып, уақытты үнемдеудің бірден бір шешімі болып табылады», -дейді халыққа қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі.

 

Суреттер Казинформ dknews.kz сайттарынан алынды

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему