Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді
4 Марта 2020 (08:49) | 3439 | Автор: Нурганым Имашева
Ауа райының жылынуына байланысты қалада көпқабатты тұрғын үйлерде орын алатын жазатайым оқиғалардың бірі – балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілей түседі.
Көп жағдайда мұндай оқиғалар балалар үлкендердің бақылауынсыз үйде жалғыз өздері қалған кезде болады. Балалар терезеге жақын тұрған жиһазды немесе басқа да заттарды пайдалана отырып, терезенің алдына шығып, москит торына сүйенеді де терезеден құлап кетеді.
Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
Осыған орай, құрметті ата-аналар күн жылымай тұрып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнатқаныңыз жөн, яғни өрт кезінде ғиамараттан қауіпсіз аумаққа шығуға оңай ашылатындай қылып орнату қажет. Торлардың шыбықтары арасындағы жарық бала басының көлденең өлшемінің жартысынан аспауы тиіс (10 см-ден аспауы тиіс). Егер бала шыбықтар арасында басын сыйғыза алатын болса-мұндай тордан ешқандай пайда жоқ!.
2019 жылы Маңғыстау облысында балалардың терезеден құлауы бойынша 15 жағдай тіркелген, оның 2-уі бала өлімімен аяқталған. Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің ЗҚҚА және АҚСББ мамандары.ескертеді және алдағы уақытта балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажеттігін ескертеді:
1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз.
4. Терезе қалай ашылатынын балаға көрсетпеңіз. Ол өз бетімен терезені ашуға үйренген сайын, оның пәтерде болуы қауіпсіз болады.
5. Балалардың жасы үлкендеріне өзінен кейінгі жасы кішілеріне қарап жүруіне,сақтық шараларын үйрету керек.
6. Ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз өзін қалдырмаңыз, себебі бала оянып, терезеге қарай ұмтылу мүмкін.
7. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмауы үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз.
8. Егер балаңызға терезеден қарап бірнәрсе көрсетіп жатсаңыз, оны терезе алдына мінгізбеңіз, қолыңызда ұстап тұрыңыз.
Үйде осы қарапайым ережелерді сақтаңыздар, сондай-ақ қонақта болған кезде оларды ұмытпаңыз. Өз балаларыңызды сақтаңыздар!
Сурет баспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему