Президент әскери полиция туралы заңға қол қойды
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 22:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Президент әскери полиция туралы заңға қол қойды

14 Марта 2023 (19:10) | 1322 | Автор: Редакция

 

 
Заңның негізгі мақсаты – әскери полиция органдарының қызметін жетілдіру. Онда әскери полиция органдарының міндеттері мен құзыреттерін, құрылымы мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ қазіргі кезде жүзеге асып жатқан функцияларды заңнамалық бекіту жөнінде өзгерістер көрсетілген. Заң әскери полиция органдары қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдануын, сондай-ақ олардың жеке құрамы мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейді.
 
Жаңа құжат әскери полиция органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ қамауға алу, әкімшілік қамауға алу және де әскери қызметшілерді қоғамнан уақытша оқшаулаудың өзге де шаралары түріндегі жазаны орындау бойынша міндеттерді жүктейді.
 
Президент сонымен қатар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему