Маңғыстаулық құтқарушылар аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созуда
5 Июня 2019 (14:59) | 1695
|
Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық науқанын өткізді.

1 маусым күні қызметкерлер Батыр ауылында, Тамшалы шағынауданы, №3 көше, №94 учаскедегі контейнерде тұратын көп балалы отбасы мүшелеріне барды. Отағасы - асыраушысынан айырылған бес баламен тұратын анаға көмек қолдарын созып, азық-түлікпен көмектесті.

Бқл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



