Ақтау қаласының тұрғындары «Ынтымақ» алаңында таңғы жаттығу жасап, бой сергітті
5 Августа 2018 (10:46) | 4943 | Автор: Нурганым Имашева
«Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Жоғары спорт шеберлігі мектебі» 2 тамыз күні облыс орталығының «Ынтымақ» алаңында таңертеңгі 7:00-де ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ шарасын ұйымдастырды.
Өткізілген шараның мақсаты туралы Спорт мектебінің басшысы Бейсенбаев Мұрат Жаналыұлы:
-Ақтау қаласының тұрғындарына патриоттық тәрбие беру, халық арасында бұқаралық спортты дамыту, денсаулықты нығайту үшін осы шараны ұйымдастырып отырмыз.
Таңғы жаттығуға 50-60 адам қатысты. Олардың қатарында спортшылар, жаттықтырушылар, олардың отбасылары және қызығушылық танытқан, спортты жанына серік еткен қала тұрғындары болды.
Алдағы күндері, атап айтқанда 19 тамызда біздің кәсіби мерекеміз – Спорт күні келе жатыр, осы атаулы мерекеге орай Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУДЫ өткізіп отырмыз.
Жаттығу аяқталған соң алаңда ушу спортымен айналысатын жасөспірімдер өз өнерлерін көрсетті. Бұл – біздің алда келе жатқан Спорт күніне орай жаттықтырушыларымызға, спорт мектептерінің басшыларына, бүкіл Маңғыстау спортшыларына арнаған тартуымыз болатын.
Барлық спортшыларымызды, Федерацияларды, жаттықтырушыларды Спорт күнімен құттықтай отырып, барлығына сәттілік, жеміс пен жеңіс тілеймін,- деген ақ тілегін жолдады.
Суреттерді түсірген Серік Майемеров
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему