Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні аталып өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні аталып өтті

4 Июня 2019 (10:24) | 4162 | Автор: Нурганым Имашева

1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен қолға алынған 31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні, дәстүрлі шара биыл «Темекі және өкпе аурулары» тақырыбына арналды.

 

 

Шылымқорлық – әлемдегі ең үлкен зиянды әдеттердің бірі. Қазіргі таңда әлемдегі әр төртінші еркек пен әр жиырмасыншы әйел никотинге тәуелді саналады. Өкінішке орай, темекі мен сигара бағасын көтеру, темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу, тіпті, қоғамдық орындарда шылым шегуді шектеу де әзірге оңды нәтиже бермей тұр.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жыл сайын әлемде 7 миллион адам темекі салдарынан көз жұмады. Соның 890 мыңға жуығы өзгелер шеккен шылымның түтініне уланғандар. Олардың арасында темекі өсіретін елдерде тұратын балалар да бар. Яғни, пассивті шылымқорлық та біз ойлағандай қауіпсіз емес. Ол жүрек-қан тамыры, жүректің ишемиялық ауруы, өкпе, өңеш, асқазан обыры сынды т.б. аурулардың бірден-бір себепкері.

 

Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын ауруханаға жататын тұрғындардың 68 пайызы немесе 2 миллионға жуық адам – шұғыл жағдайда жеткізілгендер. Былайша айтқанда, әрбір оныншы адам өміріне қауіп төнбейінше емдеу мекемелерінің табалдырығынан аттамайды деген сөз. Ал, өлім-жітім жағынан алғашқы орында тұрған жүрек-қан тамыры аурулары, тыныс алу органдары аурулары мен қатерлі ісіктің қай-қайсысы да шылымқорлық салдарынан болатын дерттер.

 

 

Шын мәнінде, егер ішкі органдарды жыл сайын тексеріп отыратын болса мұның алдын алуға болар еді, дейді мамандар. Темекі шегетіндер үшін жүрек пен өкпені тұрақты бақылауда ұстаудың маңызы зор. Оның үстіне, мемлекет халыққа жәрдем ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетін ұсынады.

 

Аталған пакетке жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы, көздің көру қабілеті мен көз қысымын тексеру, қандағы холестерин, глюкоза деңгейін тексеру үшін қан тапсыру, электрокардиограмма, флюорография, спирография сынды қызметтер кіреді. Организмде шылымның салдарынан болып жатқан өзгерістер мен ауытқуларды осы процедуралар арқылы ертерек анықтауға болады.

 

Темекі және өкпе аурулары ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ТЕГІН ТЕКСЕР!!!

ШЫЛЫМҚОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА:

-       Жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы

-       Көздің көру қабілетін тексеру

-       Көздің ішкі қысымын өлшеу

-       Биохимиялық зерттеулер: қандағы холестерин, глюкоза деңгейін анықтау

-       Электрокардиограмма

-       Флюрография (15 жастан)

-       Спирография

 

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізімі (ҚР Үкіметінің 2009 жылы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысына қосымша

 

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмекті Қазақстанда тұратын әр азамат пайдалана алады. Бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмек профилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтерден тұрады.

 

2019 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға қазынадан 972,7 млрд теңге бөлінді. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  Маңғыстау филиалы 54 медициналық ұйыммен келісім шарт жасасып отыр. Аталған медициналық мекемелер халыққа тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қызмет көрсетеді.

 

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры», Маңғыстау филиалы

 

Суреттер tengrinews.kz, old.baq.kz, islam.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему