Маңғыстаулық балықшылар кәсіптеріне жеңілдік жасалуын талап етуде
1 Ноября 2022 (18:19) | 814 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысында кәсіпшілік балық аулау аймағы Каспий теңізінің түрікмен шекарасындағы Сүйеден Прорва жеріне дейінгі 1350 шақырымды қамтиды. Қазір облыста 800- ден астам балықшы бар. Оларда ортақ мәселе- балық аулау кәсібінің қиындап бара жатқаны.
«Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтар өте көп. Бұл Қызыл кітапқа енбеген балық. Тек саны азайғандықтан аулауға шектеу қойылған. Оны абайсызда ауласаң, адам өлтірген қылмыскермен тең жазаға кесілесің. Бекіренің көбею жағдайына зерттеу жасап, санының артқанын дәлелдеп, шектеуді алып тастауды сұраймыз. Сосын майшабақ аулауда қиындық көп. Оны тек түн мезгілінде торға түсіруге болады. Күндіз таппайсың. Түнде теңізге шықсаң, теңіз шекарашыларының кедергісіне ұшыраймыз. Осы мәселелерді Үкімет шешіп берсе екен»,- дейді балықшылар.
Қазір Маңғыстауда 6 балық шаруашылығы ауданы, 33 кәсіпшілік балық аулау учаскесі бар. Былтыр өңірге 9 мың 400 тоннадай квота бөлініп, табиғат пайдаланушылар оның 52% ғана игерді. Жоспарды толық орындауға жоғарда атап өткен себептер қол байлау болған.
Мәселен, бұрын күтім балығы ҚР Қызыл кітабына енген еді. Балықшалар мен құзырлы органдардың тынымсыз еңбегімен биыл қыркүйекте Үкімет қаулысымен күтім балығы ерекше қорғалатын су жануары тізімінен шығарылды. Осы әдісті бекіре балығына да қолданған дұрыс екенін алға тартты балықшылар.
Бұл ұсыныс Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен орталық аппарат пен Үкіметке жолданатын болды. Бұдан басқа балық шаруашылығын дамыту үшін инфрақұрылымы жасақталған жер телімдерін беру, жоғары оқу орындарының базасында балық кәсіпшілігіне оқыту жайы айтылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему