Маңғыстау облысының Кәсіподақ Орталығында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесінің мүшесімен кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 08:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының Кәсіподақ Орталығында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесінің мүшесімен кездесу өтті

1 Апреля 2018 (09:10) | 2685 | Автор: Нурганым Имашева

30 наурызда Маңғыстау облысының Кәсіподақ Орталығында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесінің мүшесі, ҚР мемлекеттік және банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жакыпов Мирболат Хабиұлымен кездесу өтті.

 

 

Басқосуға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Аманғалиевжәне аймақ басшысының орынбасарыСакеев Руслан Кенесарыұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Жанназарова, Маңғыстау облысының Кәсіподақ Орталығының төрағасы Жанабеков Кайрат Кұттыбайұлы, сонымен қатар Маңғыстау облысының Еңбек басқармасы басшысының орынбасары Ш.Дүйсенов, және аумақтағыс кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты.

 

Кездесу барысында сөз алған Мирболат Хабиұлы өзінің Маңғыстауға келген сапарының мақсаты туралы баяндады:

-Біздің алдымызда тұрған үлкен міндеттер, мақсаттар бар. Үлкен үрдіс бар - Кәсіподақтың жаңаруы, жаңғыруы дегендей, жаңа заман талабына сай болу үшін, Елбасы Жолдауын, «5 әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру барысында біз өзіміздің ролімізді, мақсатымызда айқындап алуымыз үшін, осы жолда мемлекеттік биліктің органдарымен, жұмыс берушілермен қоян-қолтық бірлесіп жұмыс істеп, өзіміз белсенді болуымыз керек, яғни өз орнымызды анықтауымыз қажет.

 Бұл туралы сіздер өздеріңіз де жақсы білесіздер, себебі түсіндіру, насихаттау жұмыстары жан-жақты елімізде жүргізіліп жатыр. Өздеріңізге белгілі – қазір кәсіподақтардың белсенділігін жоғарылату, маңызын арттыру бағытында біраз жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осы орайда мен өзім Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында болып, бірнеше кездесулер өткіздім. Батыс Қазақстан облысында біздің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланды, яғни кадрларды жаңарту, жастарды қатарымызға тарту үрдісі жүріп жатыр. Кәсіподақ саласында ұзақ жылдар бойына қызмет етіп келген ардагер жетекшілер бүгінгі заманның талабын түсіне отырып, өз орындарын жас көшбасшыларға беру қажеттігін түсініп, өздерінің өтініштерін берген болатын. Сөйтіп олар зейнеткерлікке шыққан соң, орындарына жаңа кадрлар сайланды,- деп мәлімдеді.

 

М.Жақыпов мемлекеттік мекемелерде: комитеттерде, департаменттер мен басқармаларда, банк және қоғамдық қызмет көрсету саласында Кәсіподақ ұйымдарын құрудың маңызына тоқталды. Бұл орайда кездесуге келген мемлекеттік органдардың басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерінің көмегі боларына үміт артты. Қазір Президенттің және Үкіметтің, министрліктер мен мемлекеттік аппараттарында бастауыш Кәсіподақ ұйымдарын құру бағытында жұмыстар жүргізіле бастағанын тілге тиек етті. Дамыған шет елдердегі Кәсіподақ қозғалысының даму үрдісі туралы айта келіп, біздің елдегі бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті.

 

-Жақында өңірлік Кәсіподақ ұйымдарының форумы өтеді. Біздің мақсатымыз – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру, жаңарту болып табылады, себебі осы бастауыш ұйымдарда адамдар жалақы үшін емес, идея үшін энтузиазммен қызмет ететіні белгілі.

Осы орайда біздің басшылықтың-ҚР Кәсіподақтар Федерациясының ролі - үйлестіру, біріктіру, топтастыру болып табылады. Бұл жерде жас көсбасшыларды да өз қатарымызға тарту жағын да назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Себебі бізде жігерлі жастар өте көп, олардың әлеуеті мықты, жұмыс істеуге деген ынталары жоғары, қоғамдық жұмыстарды атқаруға деген талпыныстары өте жақсы. Студенттік кәсіподақты құру идеясы да бар, себебі олардың саны өте көп, өздерінің толып жатқан мәселелері де бар дегендей. Жазда «Щучинский» санаторийінде жұмысшы жастардың форумын өткізуді де жоспарлап отырмыз,- деп атап өтті.

 

 

Мирболат Хабиұлы Кәсіподақ санаторийлерінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда 9 кәсіподақ санаторийі барын және Кәсіподақтар Федерациясының басшылығы олардың жай-күйінүнемі қадағалап, назарда ұстап отырғаны туралы баяндады.

 

Өңірдің кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері Кендірлідегі демалыс орнынан Кәсіподақ ұйымдарының шипажайын ұйымдастыруды ұсынды. М.Жақыпов өз еліміздегі табиғаты тамаша жерлер көп екенін тілге тиек ете отырып, Қазақстандағы санаторийлерді дамытуға көбірек көңіл бөлінуі тиіс дегенді айтты.

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жакыпов Мирболат Хабиұлы жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде халық арасында Кәсіподақтың ролін нығайтып, маңызын түсіндіру жұмыстарына көбірек көңіл бөлінуі қажет дей келе, бұл бағытта бастауыш кәсіподақ ұйымдарының тарапынан белсенді жұмыс жасалуы тиіс екенін атап өтті.

 

-Жергілікті облыстық деңгейде Кәсіподақ ұйымдары бірлесіп, ұйымдасқан құрылым ретінде бір позицияны білдіретіндей түрде жұмыс істеуі үшін салалық бастауыш кәсіподақ ұйымдары аумақтық кәсіподақ ұйымына – облыстық Кәсіподақ Орталықтарына жарналардың бір пайызын тікелей аударып отырса, себебі біздің Кәсіподақ деген атауымыздың өзі де бір Одақ екенімізді білдіріп отыр.

 Ақтөбеде, Батыс Қазақстан облыстарында осындай келісімге қол қойылды. Біз бірлікте ғана күшейе аламыз, ол тек ұран түрінде айтылғаны емес, бірлік болуы үшін материалдық, қаржылық, идеялық қолдау қажет, - деді Мирболат Жақыпов.

 

 

Оның мәлімдеуінше, Кәсіподақтың міндеті – ұжымды біріктіруге, жұмылдыруға басшыларға көмекші болу. Бір идея төңірегінде жұмылған ұжымның ауызбіршілігі де жұмыс істеу қарқыны да мықты болары анық.

 

-Бүгін Маңғыстау облысының әкімшілігінде де бастауыш Кәсіподақ ұйымын құру бойынша құрылтай жиналысы өтеді. Біздің ел өзіне темірқазық етіп алып отырған, қатарына енуді жоспарлап отырған 30 дамыған елдің бәрінде мемлекеттік мекемелерге жұмысқа тұрған әрбір адам автоматты түрде кәсіподақ мүшесі болып шыға келеді.

Қазір ҚР Кәсіподақ Федерациясында ҚР – ның «Кәсіподақ туралы» Заңына өзгертілу енгізіліп, Кәсіподақтар тек кәсіподақ мүшелеріне ғана көмек көрсетіп, қолдау жасайды деген өзгеріс енгізілуі қарастырылып жатыр, -деп мәлімдеді.

 

Маңғыстау өңіріне келген сапарының басты мақсаты – мемлекеттік мекемелерде, банк және қоғамдық қызмет көрсету салаларында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құрудың басымдылығын, маңызын түсіндіру, осы жұмыстарды жандандыру болған ҚР мемлекеттік және банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жакыпов Мирболат Хабиұлы 31 наурызда осы бағытта бірнеше мемлекеттік органдарда мекеме ұжымдарымен кездесу өткізеді.

 

Атап айтқанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде, «ForteБанк» АҚ – да болып және тағы басқа бірнеше мемлекеттік мекемелерге баруы жоспарланған.

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему