Туризм әлеуетін дамыту міндет
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Туризм әлеуетін дамыту міндет

4 Июня 2019 (09:59) | 1690 | Автор: Нурганым Имашева

«Маңғыстау - ашық аспан астындағы мұражай» деген атауға ие. Сондықтан да бұл өлкенің туристік әлеуеті жоғары. Табиғат ана Каспий теңізі мен шөлейтті аймақты қатар тоғыстырып, сан ғасырлық тарихы бар жәдігерлер мен қайталанбас нысандарды барынша мол шоғырландырған. Ендеше мұндай ғажап жерлерге туризмді дамытуға не кедергі? Саяхатшыларды өлкеге көптеп тарту үшін қандай жобалар жүзеге асуы керек? Бұл туралы Ақтаудағы өңірлік кәсіпкерлер палатасында ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде мәлім болды.

 

 

Шарада сөз алған «Kazakh Turism» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Өркен Бисақаев: «Маңғыстау- Қазақстанның туристік аймағы саналатын үздік ондыққа енді. Ақтау қаласы мен Құрық паром кешені аралығын қамтитын аумақтағы туризмді дамытуға республикалық бюджеттен 18 млрд тг бөлінді. Жағажай демалысын дамыту басты назарда. Оған осындағы инфрақұрылым жасақталып, Ақтау мен «Алау» лагері жолдары жөнделетін болады»,- дейді.

 

Ал, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың айтуынша, Маңғыстау туризмін дамыту үшін алдымен туристерді күтіп алу талаптарын жетілдіру керек. Әуежай мен теміржол вокзалының дайындығы қандай? Көлік жолдарынан Ақтау-Атырау тас жолының сапасы жоғары екенін көрдік. Ал, жолдарда туристерге сервистік қызмет көрсету деңгейін лайық деп айта алмаймыз. Саяхатшыларды қарапайым шайханамен емес, қызықты, тың жобалармен тартуды ойластыру керек. «Жобалау офисі» жобасы осы жайттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

Дөңгелек үстелде туристік айтақтарға халықты тарту үшін ішкі әуе қатынастарын оңтайландыру ұсынылды. Мектеп демалысы маусымында балалар билеттерін субсидиялау, бір ересек адамға екі баланы тегін алып жүру жағдайын қарастыру турасында пікір айтылды. Сонда отбасы бюджеті 30 пайызға үнемделіп, халық шетелге емес, отандық туристік жерлерге ынта білдіреді екен.  Тур полиция қызметін құру, авто керуен, медициналық туризм, балалар туризмі т.б дамыту уақыт еншісінде. Мұның бәрі Қазақстанды туристік тартымдылығы бар 50 елдің қатарына қосу міндетін жүзеге асыруға көмектеспек.

 

Ашық диалогқа кәсіпкерлер де қатысты. Ақтау халықаралық әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов: «Иран мен Түркіменстан сияқты көршілес елдерге рейс аша алмай отырмыз. Ниет білдірген компанияларға рұқсат бюерілмеді. Көрші Әзірбайжанда бұл мәселе жоқ. Ирандық туристер Бакуде визасыз жүр. Бакуге туристер ағылады. Қосымша рейстер ұйымдастырып жатамыз. Бізге неге сондай жағдай жасамасқа? Туристерді тіркеу әуежай ғимаратында болуы керек, олар көп уақытын құжаттармен әуре-сарсаңға жұмсамауы тиіс. Ішкі рейстерді субсидиялау жеделдетіп қолға алынса.Жаз мезгілінде Атыраудан күніне 4 рейс жасалады. Осындай сұраныс еліміздің барлық аймағынан, жақын шетелдерден де түсеріне сенім мол».

 

-Басқосуда айтылған барлық ұсыныстар «Атамекен» ҰКП басшылығымен талқыланып, Үкіметке жолданатын болады,-дейді осы жағымды жаңалықпен бөліскен өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему