Маңғыстау өлкесінің тұрғындары мен қонақтарының назарына!
12 Января 2019 (14:27) | 2261 | Автор: Нурганым Имашева
«Отпан» тарихи-мәдени кешенінде 2013 жылдан бері қарай саятшылық, аңшылыққа байланысты дәстүрлі түрде көпшілік шара ұйымдастырылып келеді. Биыл ұйымдастырылып жатқан «Қазақтың бір қызығы – бүркіт, тазы» атты этнографиялық шараға Маңғыстау облысының құсбегілері мен тазы ұстайтын аңшылары қатысады.
Бүркіт, тазымен аң аулау кәсібіне өнерпаздардың өнерін ұштастырып саят құруды бұрын «Салбурын» деп атаған. Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топтасып, аңы мол жерлерге сапар шегетін болған.
-Шараны өткізудегі мақсат – жұртшылыққа ата кәсіп әрі бекзат өнер саятшылықты насихаттау. Сонымен қатар қазіргі қазақтар заманауи түрлі қарумен жабдықтанып, аңды қырып салмай, ата-бабамыздың салтымен кәсіп пен өнерді ұштастырып, Мәтжан би айтқандай «көңіл қарын мен көже қарынның» қамын астастырып, бүгінді ғана емес ертеңді де ойластырып әрекет жасаса деген ниет.
Сонымен, 19 қаңтар күні сағат 10.30-да «Адай ата – Отпан тау» кешенінің Қарашаңырақ ғимараты жанында саят пен өнерді жаны сүйетін көрермендерді күтеміз!- дейді осы ақжолтай жаңалықпен бөліскен шараны ұйымдастырушылар.
Байланыс телефндары: 8 702 450 28 57; 8 701 409 09 49
Суреттерді ұсынған «Адай ата – Отпан тау» кешенінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему