Сыбайлас жемқорлықпен күрес  -  баршаның міндеті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баршаның міндеті

24 Января 2020 (11:09) | 2781 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Нұрсұлтан Аскарұлы Абдираш бүгінгі таңда әлемді жайлаған сыбайлас жемқорлық сынды келеңсіз құбылыспен күрес жайында өз ой-толғамдарымен бөліседі.

 

 

Сыбйлас жемқорлық - әзiрше әлемнiң бiр-де бiр елi жеңiп шыға алмаған әлеуметтiк кесел. Сыбайлас жемқорлыққа шек қоюға, әлеуметтiк қатынастарды қоғамға зиян келтiрiп, мүмкiндiктерiн асыра пайдалану әдетінен арылуға бағыттайтын мүмкіндіктерді табуға болады.    

 

Тарихы тереңнен бастау  алған сыбайлас  жемқорлық бүгінде  бүкіл әлем  қоғамдастығына  қауіп  төндіріп отыр. Біздің елімізде де бұл мәселеге  қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған  күнен басталып, мемлекеттің бірінші  кезектегі міндетіне айналып, сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсын да қатты алаңдататыны анық.

 

Қәзіргі таңда  қоғамымызға, қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа  қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

 

 

Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілетіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген  мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты  бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктермен мен артықшылықтарды құқыққа қарсы  беруі арқылы  оларды сатып алу.

 

Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдар мен  қоғамдық ұйымдар жұмысының  темірқазығына айлалып отыр. Елімізде жемқорлықпен  және ұйымдасқан қылмыспен  күресті күшейту шараларына  орай, «Сыбайлас  жемқорлықпен  қарсы күрес» «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданып, жұмыстар атқарылуда.

 

Жемқорлыққа қарсы күресу жан-жақты, үздіксіз, ашық  әрі әділетті  түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарымызға, қол жеткізе аламыз,- деген еді Елбасы.

 

Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан, қауіпті індет сыбайлас  жемқорлықпен көп болып күресейік.

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу - барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Сурет автордыкі және  shymkenttv.kz, yandex.kz сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему