Қала басшысының ұйытқы болуымен сауапты шара өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 21:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қала басшысының ұйытқы болуымен сауапты шара өтті

2 Июня 2019 (11:53) | 2561 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязовтың бастамасымен қалалық "Бекет ата" мешітінде ораза ұстаған жамағатқа арналып ауызашар дастарханы жайылды. Ауызашарға жиылғандар арасында ғибратты әңгімелер өрбіді.

 

 

Шаһар басшысы дастархан басында облыс орталығында соңғы кезде болып жатқан біршама жағымды жаңалықтарға тоқталып, көпшілікке қалалық мешіт аумағында жаңадан мешіт ғимараты бой көтеретіні туралы айтып өтті және алдағы сайлау науқанын ұйымшылдықпен өткізіп, бір кісідей белсенділікпен атсалысуға шақырды.

 

 

Ауызашар барысында сөз алған бірқатар ақсақалдар мен кәсіпкер азаматтар және қалалық "Бекет ата" мешітінің имамы Зиядулла Еміл елге амандық, тыныштық, бейбіт өмір тілеп, биылғы Оразадан келесі жылғы оразаға дейін аман-сау жетуді Жаратқан нәсіп етуіне тілек қосатынын білдірді.

 

Көп балалы аналарды қолдайтын «Ақжүніс» республикалық ұйымының Маңғыстаудағы филиалының төрағасы Анар Шамшадинова:

 

-Ораза айы – сауапты істер атқаратын, жақсылық жасауға ұмтылатын айлардың сұлтаны. Қала әкімі Ғалымжан Мұқырұлы бастаған қалалық әкімшіліктің ұжымына осындай ғибратты басқосуды ұйымдастырғаны үшін зор алғысымды білдіремін. Ораза тұтқан жамағаттың басын қосып, ізгілікке толы шараны өткізіп отырсыздар, сауапқа жазсын.

 

 

Ел үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға амандық тілеймін, елдің мәселесін көтеріп, жағымды жаңалықтардың жаршысы болып жүрген журналистер қауымына да алғысымды білдіріп, баршаңызға сәттілік тілеймін. Көмекке зәру көп балалы аналарға қолдау каөрсетіліп, қайырымдылық жасалуы жайлары арта түссін деп тілеймін. Осындай ізгі істерге мұрындық болып жүрген Шадырақ Ермекбайұлы сияқты кәсіпкер-меценат ағаларымызға алғысымды білдіремін,-деді.

 

Ауызашарда БАҚ саласында елге қызмет етіп жүрген журналистер қауымына да қалалық әкімшілік пен қалалық "Бекет ата" мешітінің ұжымы тарапынан ыстық ықылас танытылып, құрмет көрсетілді, елдің мұңын мұңдап, жырын жырлап жүрген қалам иелерінің еңбегі зор екені қала әкімі Ғ.Ниязов пен қалалық "Бекет ата" мешітінің имамы Зиядулла Еміл тарапынан атап өтілді.

 

 

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Алланың үйінде ауызашарда басқосқан жамағат ғибраты мол әсерлі әңгімелер тыңдап, имандылыққа ұйып, ұйымдастырушылар – Ғалымжан Мұқырұлы бастаған Ақтау қалалық әкімшілігінің ұжымына ризашылықтарын білдіріп, сауапты шарадан жақсы көңіл күйде тарасты.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему